ДИКТОР: Халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау – 2029 жылға дейін жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты. Ақмола облысы – бұл бастама белсенді жүзеге асырылып жатқан өңірлердің бірі.

РКС: Халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың нақты табысын көбейту және жалақыны арттыру көзделген. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қолдау және шағын әрі орта бизнесті дамыту да қарастырылған.

СНХ: АЛМАГҮЛ ШҮГІРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің облыс үшін маңызды басым бағыттардың бірі - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бұл бағдарлама екі жыл бұрын іске қосылды. Облыстың 17 ауданы қамтылды. 2023 жылы 1,2 миллиард теңге бөлініп, ауыл тұрғындарына 198 жеңілдетілген шағын несие берілді. Нәтижесінде 262 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал былтыр 308 шағын несие беру үшін 1,8 миллиард теңге бөлінді.

РКС: Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты - адами капиталды дамыту. Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 456 адам қайта даярлықтан өтті. Жақын арада тағы 460 адамды оқыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 172 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді курстарға жіберілді.

СНХ: АЛМАГҮЛ ШҮГІРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағдарламаның басты ерекшелігі - мақсатты әлеуметтік төлемдерге емес, нақты жұмыс орындарын құруға, біліктілікті арттыру мен кәсіби бағдар беруге басымдық берілуінде. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын қолдауға да ерекше назар аударылып отыр. Былтыр 35 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 60 проценті ауылдық елді мекендерде.

РКС: Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекеттік гранттар берілуде. Былтыр осындай қолдауға 168 адам ие болды. Олардың ішінде ерекше қажеттіліктері бар 11 жас кәсіпкер бар. Бағдарламаның басты мақсаты - бір реттік төлемдерге емес, халықтың тұрақты дамуына қол жеткізу. Ол үшін жұмыспен қамту, кәсіби дағдыларды дамыту және жаңа мүмкіндіктер ұсынуға басымдық беріледі.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ