Ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау
ДИКТОР: Жарқайын ауданында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағытының бірі. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында өз шаруашылығын кеңейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
РКС: Мереке Смағұлов мал шаруашылығымен айналысып келе жатқанына 17 жыл болды. Бүгінде бұл ол үшін жай ғана кәсіп емес, ауылда қалып, өз шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды іс. Биыл кәсіпкер мал басын көбейтуді жоспарлап, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланған.
СНХ: МЕРЕКЕ СМАҒҰЛОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Осы ауыл аманаты бағдарламасын естігесін мал басын көбейтейін деп, қаражат алып биыл 10 млн 800 ге 18 басар ағар алдым әуликел породасы бар ішінде 3,4 сауынды сиыр қылуға малдарды алдым. Сол мал басын көбейтем деп, ауылда тұрған ұнайды. Қала ұнамайды өзіме, ауыл осы жақсы. Ауылда малды көбейтем мал басын көбейтем деп отырмын. 2014 жылдан бастап, СПК болған.
РКС: Ауданда ауыл кәсіпкерлерін қолдау бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Оның ішінде мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Сонымен қатар инвестиция тарту жұмыстары да жалғасуда. Бүгінде ауданда жеті инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Кең дала-2» бағдарламасы аясында да қолдау көрсетілуде. Келер жылдың егіс науқанына ерте қаржыландыру бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шамамен 5 миллиард теңгеге 10 өтінім берді.
СНХ: БІРЖАН ХАСЕНЕЕВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жарқайын ауданында кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде ауданда жалпы құны 1млрд 900 мың теңге болатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ауыл аманаты бағдарламасы аясында 10 млн 800 мың теңгеге 1 жобасы мақұлданып, тағы 5 жоба қаралуда. Негізгі мақсат кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу және аудан экономикасын нығайту.
РКС: Алдағы уақытта ауданда ауыл кәсіпкерлігін дамыту, инвестиция тарту және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жалғасын табады. Негізгі міндет – жергілікті бизнестің өсуіне жағдай жасап, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ