Негізгі Жаңалықтар Қан тапсыру акциясы өтті

Қан тапсыру акциясы өтті


ДИКТОР: Көкшетау қаласында «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері донорлық қан тапсыру акциясын ұйымдастырды. Игі бастамаға 10 волонтер қатысты. Олар облыстық қан орталығына арнайы келіп, донорлық қан компоненттеріне мұқтаж науқастарға көмек көрсетуге өз үлестерін қосты.

РКС: Шараның негізгі мақсаты, шамамен 5 литр қан жинау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен бағыттардың бірі. Бұл жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, өзара көмек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың нақты көрінісі.

СНХ: МӘДИНА АЙТҚОЖИНА, «ЖАҢА АДАМДАР» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті болу – мәдениетіміздің дамуының негізі екенін айтып келеді. Яғни, біздің алдымызда терең таңдау тұр, біреуге көмектесу немесе сырт қалу. Бұл мәжбүрлік те, жұмыс та емес- бұл тек адамгершілік.

РКС: Қан алынғаннан кейін ол эритроцит, плазма және тромбоцит сынды жекелеген компоненттерге бөлінеді. Олардың әрқайсысы түрлі науқастарды емдеуде қолданылады. Осылайша, бір донорлық қан тапсыру 3 адамға дейінгі науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

СНХ: АЛИНА ГРЫЗЛОВА, «ЖАҢА АДАМДАР» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: Мен тіркеуден өтіп, медициналық тексеруден кейін қан тапсырдым. Өзімді жақсы сезіндім. Бұл өте үлкен көмек екенін түсіндім. Тіпті бір адамның қан тапсыруы басқа бір адамға көмек көрсетуге себеп болуы мүмкін.

РКС: Белсенділердің айтуынша, мұндай акциялар донорлық қан қорын толықтырып қана қоймай, жастардың айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу