Негізгі Жаңалықтар 121 мың гектар жайылымды жер мемлекетке қайтарылды

121 мың гектар жайылымды жер мемлекетке қайтарылды


ДИКТОР: Өткен айда кадастрлық құны жарты миллиард теңгеге жуық 121 мың гектардан аса жайылымды жерді Біржан сал ауданының прокурорлары мемлекет меншігіне қайтарды. Құқық қорғау органдары «Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару» жобасын іске асыруды жалғастыруда. Осылайша, ауданда ең өзекті мәселенің бірі - ауыл шаруашылығы алқаптарының тапшылығы мәселесін шешу. Жер телімдері сот шешімімен алынды. Бұрын бұл жер ауыл шаруашылығымен айналысатын серіктестіктің пайдалануында болатын. Алайда компания міндеттемелерін тиісті түрде орындамады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін прокуратура жобасы аясында 26 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Енді аудан билігі ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру үшін жергілікті тұрғындар мен инвесторларға жер телімдерін бере алады.

Бөлісу