Негізгі Жаңалықтар 80 жылдық белес

80 жылдық белес


ДИКТОР: Ұлттық өнердің алтын арқауына айналған Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Сексен жылдық тарихы бар өнер ордасы мерейтойын шығармашылық кешпен атап, көрерменге ұлттық музыка мен заманауи өнердің үздік үлгілерін ұсынды.

РКС: Киелі Көкше - Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды біртуар өнер иелерінің ізі қалған қасиетті мекен. Сондықтан кеш шымылдығы Көкше өңірінің сал-серілік дәстүрімен түрілді. Филармонияның шығармашылық ұжымдары ұлттық ән мен күйді, хореография мен заманауи сахна өнерін оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста паш етті.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өнер ұжымын мерейтойымен құттықтап, мәдениет саласына еңбегі сіңген бір топ азаматқа Мемлекет басшысының «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Баршаңызды Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 80 жылдық мерейтойымен және мерейтойлық маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі маусымның ашылуы ауқымды жұмыстармен бастау алып отырғанына куә болдық. Ақмола облысы қарқынмен дамып отырған еліміздің ақмаңдайлы өңірлердің бірі. Президентіміз жүктеген міндеттер рет-ретімен жүзеге асырылып отыр. Халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Ынтымағы жарасқан Көкше жұртшылығының мерейі әрдайым үстем болсын! 

ИНТЕРШУМ:  

РКС: Иә, сексен жыл - тұтас бір дәуірдің тарихы. Өнер ордасының мерейтойына қуанышпен бөлісуге елге еңбегі сіңген ардагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері де арнайы келген. Филармонияның қалыптасуына үлес қосқан аға буын өкілдері әріптестерімен қауышып, сахнадағы жылдарын еске алды.

СНХ: ҒАЛИЯ РАМАЗАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Оның ішінде Қазақстанның халық әртістерінің шығармашылық кештері Бибігүл Төлегенова сынды, Нұржамал Үсенбаева сияқты, Ермұрат Үсенов, тамаша, әдемі, ірі тұлғалармен қызмет еттім. Өзімді бақыттымын деп есептеймін. Өйткені бір сахнада ірі тұлғалармен тұру – үлкен бақыт. Осы Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай, Балуан шолақтың әндерін дәріптеп жатқан осы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншілері, классика –өнердің шыңы, өте керемет белестерге жетіп жатыр.  

СНХ: ҚҰСАЙЫН БАКУЛИН, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Мен негізі осында қазақ оркестрінде еңбек еттім, симфониялық оркестрда. «Айнакөл» ансамблімен біраз елді араладық. Шетелді аралап, концерт бердік. Бұл жерде қаншама ұжым бар, сол ұжымның әрқайсысының өзінің тарихы, өзінің репертуары бар. Осы филармонияда біраз жыл еңбек еттік. Өнер деген ол - өте ауыр жол. Өйткені сахна – киелі. Оның артында қаншама еңбек, қаншама тер, дайындық бар. Сондықтан бүгінде осында істеп жатқан әріптестерімізге сәттілік тілегім келеді және жақсы өнерде қауышайық! 

РКС: Кешке келген қонақтар әр қойылымды ерекше ықыласпен қабылдады. Әсем ән мен күмбірлеген күйден рухани азық алған жұртшылық өнерпаздарға ыстық ықыласын білдіріп, тарқасты.

ИНТЕРШУМ: 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу