1500-ден астам жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген
ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысының жолдарында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 1500-ден астам жүргізушіні анықтады. Тек өткен демалыс күндерінің өзінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ішімдік ішіп, рульге отырған 16 адамды ұстады. Бұл оқиғалардың көпшілігі жол үстіндегі күдікті әрекеттер полиция қызметкерлерінің назарына іліккеннен кейін тіркелген. Мұндай жағдайларда көліктер тексеру үшін тоқтатылады. Егер жүргізушінің мас болуы мүмкін екенін көрсететін белгілер байқалса, қызметкерлер одан медициналық тексеруден өтуді талап етеді. Полиция өкілдері жол қозғалысына қауіп төндіретін жайт тек алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу ғана емес екенін айтады, кейбір дәрі-дәрмектер де ұйқышылдық, енжарлық, бас айналу және реакция жылдамдығының баяулауы сияқты әсерлер тудыруы мүмкін. Құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және мас күйінде көлік жүргізуден аулақ болуға шақырады. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақ жолдарында мас күйінде көлік басқарған 1588 жүргізуші анықталды. Мұндай құқық бұзушылық үшін көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айыру, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.