Берген Жұмкей Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды
ДИКТОР: Ақмола облысы әкімінің өкімімен Астрахан ауданының әкімі болып Берген Жұмкей тағайындалды. Берген Жұмкей Көкшетау университетін 2007 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Кейін Шортанды ауданында еңбек етіп, әр жылдары Шортанды кентін, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін басқарды. 2018-2021 жылдары - Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2021 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.