Негізгі Жаңалықтар Теміржолдағы қауіпсіздік басты назарда

Теміржолдағы қауіпсіздік басты назарда


ДИКТОР: Теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Көкшетау көлік прокуратурасы теміржол бойындағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық шараларды күшейтуде. Әсіресе белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өтетін тұрғындардың әрекеті алаңдатады. 

РКС: Теміржол көлігінде адамдарды қағып кету фактілерінің алдын алу – прокуратураның тұрақты бақылауындағы бағыттардың бірі. Биыл пойыздың адамдарды қағып кетуіне байланысты бірнеше жағдай тіркелді. Оның 4-еуі адам өлімімен аяқталған. Сонымен қатар, теміржол өткелдерінде автокөліктердің қатысуымен де жол-көлік оқиғалары болған.

СНХ: ШЫҢҒЫС СЕРҒАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: 2026 жылдың өткен кезеңінде қызмет көрсетілетін учаскеде теміржол көлігінің адамдарды қағып кетуіне байланысты 5 жағдай тіркелген. Өкінішке орай, оның 4-еуі адам өлімімен аяқталды. Бұдан бөлек, теміржол өткелдерінде автокөліктердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы орын алған. Азаматтардың теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі ерекше алаңдаушылық туғызады. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. 

РКС: Мамандар азаматтарды теміржол аумағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өту немесе өткелдердегі талаптарды елемеу адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жолды тек арнайы белгіленген орындардан кесіп өту қажет. Ал ата-аналар балалардың теміржол маңында қараусыз қалмауына ерекше көңіл бөлуі тиіс. Қарапайым сақтық шараларын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу