Ақмолалық полицейлер ауқымды тексеру жүргізуде
ДИКТОР: Өңірде «Қауіпсіз үй» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Полиция есепте тұрған адамдарды мекен-жай бойынша тексеріп, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде.
РКС: Учаскелік полиция инспекторы Дәулет Жақыпов нөмірі 51-ші учаскеге қызмет көрсетеді. Оның айтуынша, қала тұрғындары белсенді, олар үнемі байланысқа шығып, тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.
СНХ: ДӘУЛЕТ ЖАҚЫПОВ, УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР: «Қауіпсіз үй» жедел алдын алу іс-шарасы аясында біз учаскелерге қызмет көрсетеміз: адамдарға отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы, сондай-ақ абаттандыру ережелерін, алаяқтықтың не екенін түсіндіреміз, аулада қалдырылатын велосипедтерді ұрлауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Халықтың кез келген өтініштері қабылданады, сондай-ақ есептік элемент тексерілетінін хабарлаймыз.
РЗК: Аталған рейдтерге 300-ден аса адам қатысуда. Бұл учаскелік, жедел және көші-қон қызметтері, пробация қызметі мен еріктілер. Алғашқы күндері мобильді топтар тұрғылықты жері бойынша мыңға жуық есепке алынған азаматты тексерді. Қорытындысы бойынша 4 тәртіп бұзушыға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға құжаттар жіберілді.
СНХ: МАРАЛБЕК ЕШІМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл акция облыс пен қала тұрғындарының осы жұмысқа атсалысып, бірге атқаруы үшін қажет. Бұл жұмыстарға тек мемлекеттік органдар ғана емес, облыстың азаматтары мен қоғамдық бірлестіктері де қатысуда. Тұрғындар өз ауласында, үйінде, қаласында жүріп қауіпсіздікті сезінуі қажет. Сол үшін тұрғындардың атсалысқаны маңызды. /
СНХ: ІЛИЯС ШӘЙМЕРДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы шараның тиімділігінің басты өлшемі — өткізілген іс-шаралардың саны емес, нақты нәтижелерге қол жеткізу және белгілі бір аумақтағы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Бүгін аталған профилактикалық іс-шараға байланысты полиция күштері мен құралдарын гарнизондық саптық байқауын өткізіп отырмыз. Жеке құрамға нақты міндеттер қойылып, жұмыстың негізгі бағыттары мен өзара іс-қимыл тәртібі айқындалды. Бірілескен күш-жігеріміздің арқасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін арттыра аламыз деп сенеміз./
РКС: Сондай-ақ, қызметкерлер көші-қон заңнамасын бұзған 38 деректі тауып, заңсыз жүрген 25 шетелдікті анықтады. Қаруы бар адамдармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үш күн ішінде облыстың 750-ден аса тұрғыны кеңес алды. Айта кетейік, «Қауіпсіз үй» жедел алдын алу іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ