ДИКТОР: Бурабайда демалыс күндері биылғы жаздың маңызды спорттық шараларының бірі мәресіне жетті. Триатлоннан Elite санатындағы және жасөспірім спортшылар арасында Азия Кубогы және Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 13 мемлекеттен 300-ге тарта спортшы қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Elite санатындағы спортшылар 1,5 шақырымға жүзіп, велосипедпен 40 шақырымды бағындыруы және 10 шақырымға жүгіруі тиіс. Жасөспірімдер өз кезегінде 750 метрге жүзіп, 20 шақырымды велосипедпен жүріп өтуі тиіс. Одан соң 5 шақырымға жүгіру қажет.
СНХ: СЕРГЕЙ МАЙЕР, ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: Жарыс бағдарламасына Азияның 2 кубогы енгізілген. Алғашқысы маусымның 14-інде Elite санаты бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтті. Бейтарап тудың астында Беларусь елінің нәзік жанды спортшысы бірінші орынды еншіледі. Ерлер арасында қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Бүгін Азия кубогының екінші кезеңі жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Атлетшілердің кіші санаты. Әзірге қорытынды жоқ, бірақ біздің спортшылар көш басында.
РКС: Жасөспірімдер арасындағы ауқымды жарысқа Ақмола облысының атынан 11 спортшы қатысты. Қыздар арасында жерлес спортшы Әнел Исабаева жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Мәре сызығын үшінші болып кесіп, жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды.
СНХ: ӘНЕЛ ИСАБАЕВА, ТРИАТЛОННАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Жаттығып жүргеніме 7 жылдан асты. Жарысқа бір айдай дайындалдық. Жүзу ойдағыдай өтті. Веложарыс ең қиын кезең болған шығар. Таулар, одан аздап жел болды. Жүгіру кезінде де қиындықтар орын алды. Велосипедтен кейін аяқтарым ауырып, жүгіру өте қиын болды.
СНХ: СЕРГЕЙ ПИХИДЬКО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Алда ақмолалық спортшылар үшін дайындықтың келесі кезеңі күтіп тұр. Триатлоннан жастар ойынына дайындықты бастайды. Бүгінгі сайысты өтпелі старт деп айтуға болады. Жарыс тиісті деңгейде өтті, жалпы жаман емес.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында Елмұрат Қанай жеңімпаз деп танылды. Илья Крупиков екінші орынға тұрақтаса, Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды. Барлық атлетші Қазақстанның атынан шыққандар. Қыздар арасында қазақстандық спортшы Диана Ержанова абсолютті чемпион атанса, Өзбекстан елінің өкілі Диана Биктимирова күміс жүлдені еншіледі. Ал ақмолалық спортшы Әнел Исабаева үшінші орынға тұрақтады.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ