ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жастармен, кәсіпкерлермен және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, аудан және ауылдық елдімекен тұрғындарымен өткізілген көшпелі кездесулерге 8 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жұмыстар балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін тәрбие беру жүйесінің барлық сатысын қамтиды.
РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс білім берудің барлық сатысын - мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары оқу орындарына дейін қамтиды. Өңірде жастар арасында квест-ойындар, пікірсайыстар ұйымдастырылып, волонтерлік бастамалар қарқынды дамуда. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
СНХ: АБАЙ ЖАНАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Департамент, оның ішінде превенция басқармасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Іс-шаралар балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі түрлі әлеуметтік топтарды қамтиды. Антикоррупциялық волонтерлер белсенді қызмет атқаруда. Республика деңгейінде алғаш рет біз студенттер арасында жемқорлыққа деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған «AntiParaCraft» атты квест-ойынды іске қостық.
РКС: Жауапты органдардың айтуынша, мониторинг, қоғамдық бақылау, құқықтық көмек пен кері байланыс - бұл тек сөз жүзіндегі ұғымдар емес, бүгінде адал әрі жауапкершілігі жоғары қоғамды қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі істердің жиынтығы.
СНХ: АБАЙ ЖАНАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Волонтерлер өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандарға, оның ішінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауындағы сақалды құрылыс нысандарына қоғамдық мониторинг жүргізуде. Қазіргі таңда мектептер, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерді қоса алғанда, шамамен 18 нысан тұрақты бақылауда тұр.
РКС: «Бизнеске жол» жобасы аясында былтыр 200 миллион теңгеден астам сомаға 100-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлердің қатысуымен 300-ден астам кездесу өткізілді. Бүгінде 125 сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер тіркелген. Олар 1400-ден астам өңір тұрғынына тегін құқықтық көмек көрсетті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ