ДИКТОР: 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң күшіне енді. Жаңартылған жүйе экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы маңызды қадамға айналды. Жыл басынан бері облыста жаңа жүйе аясында жалпы сомасы 90 миллиард теңгеден аса сомаға 400-ден аса сатып алу жүргізілді.
РКС: Жаңа заң мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Негізгі жаңалық – бәсекелестік мерзімін қысқарту.
СНХ: ОЛЕСЬ ГЛЕБА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осылайша, конкурстық құжаттаманы талқылау енді 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқарады. Өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Өтінімдерді қарау және қорытындылау 10-нан 3 жұмыс күніне дейін. Сондай-ақ, сатып алуларды жедел жүргізу және рәсімдердің кешігуіне жол бермеу үшін шағымдарды ұйымдастырушының өзі қарайды.
РКС: Осылайша, бұрын ашық тендер рәсімі екі айға жуық уақытты алса, қазір бұл процесс екі аптаға дейін қысқарды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына қоғамдық мониторинг тетігі енгізілді, бұл барлық кезеңде ашықтық пен бақылауды арттыруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, жыл басынан бері рейтингтік-балдық жүйе бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 63 рәсімі орындалды. Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 40 миллиард теңгеден асты.
СНХ: ОЛЕСЬ ГЛЕБА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жаңа заң күшіне енгеннен кейін Ақмола облысы бірінші болып 7 күн ішінде рейтингтік-баллдық жүйе бойынша тендер өткізді. Яғни, 7 күн ішінде тендер өткізіліп, мердігер таңдалып, бірден жұмысқа кірісті. Осылайша, Қазақстанда алғаш рет Зеренді ауданында енгізілген түзетулерді ескере отырып сатып алу өткізілді.
РКС: Жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді. Нәтижесінде Ақмола облысының жеткізушілерімен шарттардың 88 проценті жасалған. Айта кетейік, былтыр жергілікті жеткізушілердің үлесі небәрі 62 процентті құраған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.