ДИКТОР: «Шанс» кәмелетке жасы толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы тағдыр тәлкегіне түскен нәзік жандыларға көмектесіп келеді. Жыл басынан бері мұнда 33 әйелге қолдау көрсетілді. Әлеуметтік қызметкерлер әйелдерді қарсы алып, оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Перзенттерімен қауіпсіз жерде тұруына жағдай жасайды.

РКС: Психологтар күнделікті отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жәбірленушілермен жұмыс істейді. Өкінішке орай, орталық қызметкерлері әлеуметтік жәрдемге мұқтаж жандардың саны азаймағанын айтып, дабыл қағуда. Шыдай-шыдай, ашынған зардап шегушілер үн қатып, енді мемлекет тарапынан қолдау көріп отыр.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ЕСАУЛЕНКО, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер осында келген кезде қарсы алып, көмек көрсетемін. Бос орындарға орналастырып, әйелдердің тиеген жүгін, киім-кешектерін қойып, балаларымен оңаша қалуына мүмкіндік беремін. Бөлмеге орныққан соң, өзге әйелдермен тіл табысып, олардан қолдау таба алады.

СНХ: НАЗЕРКЕ КӨЗТАЙ, ПСИХОЛОГ: Бұнда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер балаларымен түседі. Біз психолог ретінде күнделікті олармен жұмыс жасаймыз. Басында ол әйелдер түскеннен кейін бірден ашыла қоймайды. Бірте-бірте осындай түүрлі метоикалар, сонымен қатар, диагностика, түзету жұмыстарын жасаймыз. Және де күнделікті ұмыс жасағанның арқасында ол әйелдерді ашып, олармен жұмыс істеу оңайға түседі.сол арқылы біз олармен күнделікті қарым-қатынасқа түсеміз. Қарым-қатынас жасаймыз.

РКС: Мұнда тұрып жатқандардың бірінің перзенті бар. Екіншісіне аяғы ауыр. Ол ұзақ уақыт зорлық-зомбылыққа шыдап келген. Жұбайының тарапынан опасыздықты да басынан өткерген. Баласының әкесі түн ішінде үйінен қуып жіберіпті.

СНХ: ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ЖӘБІРЛЕНУШІСІ: Ұзақ уақыт күш көрсетілді, зорлық-зомбылықтың, опасыздықтың құрбаны болып келдім. Амалым таусылған соң осы орталыққа келдім. Өмірімнің ең қиын сәтін басымнан өткеріп жатырмын. Әр күн сайын біртіндеп қалыпқа келе жатырмын. Мен мұнда пана таптым. Нәзік жандылар ешқашан өзін және баласын қорлатпауы керек. Менің басымнан өткенді қайталамаса екен деймін.

РКС: 2020 жылдан бастап «Шанс» орталығында 260-тан астам адамға қолдау көрсетілді. Бұл ұйым уақытша мекен ғана емес, нәзік жандылар мен балалардың өмірлік қиын жолдан шығуына жәрдемдесетін әрі қорғайтын, жаңа өмір бастауына жол сілтейтін орын.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ