ДИКТОР: Биыл облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі мен «Ғалиябану» халық вокалдық ансамблі 35 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы күнге орай этнос өкілдері облыс орталығы тұрғындарына арналған мерекелік концерт дайындады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аталған шара ардагерлерді, жастар ұжымдарын және Көкшетау қаласының тұрғындарының басын біріктірді. Сахнада би және вокалдық топтар, соның ішінде ең жас қатысушылар да өнерлерін көрсетті.
СНХ: РАФАИЛЬ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Шарада өздеріңіз көріп отырғандай, жас бишілер ұжымдары, тіпті кішкентай балалар да өнер көрсетуде. Біз бұған мақтанамыз. Үмітім зор - осы дәстүрлер жалғасын тауып, Көкшетау жерінде татар-башқұрт мәдениеті өркендей береді деп сенемін. Әрине, біз өмір сүріп жатқан осы киелі жерге алғысымыз шексіз. Қазақ халқының тілі мен мәдениетін қадірлейміз, құрметтейміз. Мен әрдайым айтатыным - бейбітшілік пен келісім - ол өз қолымызда.
РКС: Татар-башқұрт қоғамдық бірлестігі ұлттық дәстүрлерді сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізу ісінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде «Ғалиябану» халық вокалдық ансамблінде 12 адам бар. Ансамбль мүшелері жас-кәрі демей, республикалық, халықаралық байқаулардың бәріне қатысып, өнер көрсетіп келеді.
СНХ: ХУРРИЯ ФАТХИЕВА, «ҒАЛИЯБАНУ» ХАЛЫҚТЫҚ ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ансамбліміз үлкен кісілерден құрылса да, біз әлі де ән айтамыз, би билейміз және табиғатқа шығамыз. Республикалық Сабантойға қатыстық, былтыр Омбыда болдық, бұған дейін Орал, Алматы, Өскемен қалаларында өнер көрсеттік. Толық құраммен бара алмасақ та, 2-3 адамнан тұратын шағын топпен шығамыз. Қар, жаңбыр, боран демейміз. Аптасына екі рет репетициямыз болады, үнемі қатысамыз.
РКС: Өңірде 17 мыңнан астам татар мен башқұрт өкілі тұрады. Мерекелік концерт ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Сонымен қатар, бұл - Қазақстанда тұратын этностар мәдениетіне деген бірлік пен сыйластықтың нышаны.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.