ДИКТОР: Ұлттық спорт ұлтты танытады. Балуан шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі төл спортымыздың 11 түрінен жастарды түрлі сайыстарға дайындайды.
РКС: Өңірде дамып келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі - теңге ілу. Бұл спорт түрінен мектепте 20-ға жуық жасөспірім дайындалып жүр. Жүлделі орындары да баршылық. Жаттықтырушы Жандос Қалымтаевтың айтуынша теңге ілуде спортшының ептілігі аздық етеді, бұл жерде аттың дайындығына да үлкен көңіл бөлінеді.
СНХ: ЖАНДОС ҚАЛЫМТАЕВ, ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Теңге алу спортында әр ат спортшымен екеуі бір біріне сәйкес келу керек. Әр ат теңге іле бермейді. Оған бойы аласа аттарды таңдап аламыз. Мысалы мына ат Сұркөжек деген ат, осымен Диас деген оқушымыз ҚР чемпионатында жасөспірімдер арасында 2 орын иеленген. Бұл аттың басқа атқа қарағандағы ерекшелігі еңкейіп шапқанда теңгені ілуде түзу шабады және ол спортшыға әрекет жасауға ыңғайлы.
РКС: Балуан шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1 мыңға жуық бала тәрбиеленіп жүр.
СНХ: УӘЛИХАН ҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жақсы дамып жатқан қазір асық ату. бізде өзімізде 2023 жылы чемпион мира бар. Біздің мектептің түлектері. Қазір садақ ату дамып жатыр. Қазақ күресінен чемпиондар бар. былтыр ашқан, дәстүрлі садақ ату жаттықтырушыға үміттенеміз. Енді бәйге бәйгеде Құлтасов Азамат деген былтыр Қостанай тұқымы арасында 4 этапты жеңіп алды.
СНХ: ДИАС ҚАЙРАНАС, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Мен осы ұлттық спорт мектебінде жамбы ату спорт түріне қатысып келе жатқаныма 3 жылдай болды. Нәтиже бар, дайындық күнде өтеді. Сонымен қатар бәйге спортына да қатысамын. Бұл аттың аты Ботакөз, бұл аттардың ерекшелігі қанды аттар және жылдам шабады. Құлагер спартакиадасында 1 орынды иелендік.
РКС: Спорт мектебінің тәрбиеленушілері садақ атудан Орал қаласында өтетін және Астанада ұйымдастырылатын тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен сайыстарға дайындалу үстінде.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ