ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Марат Ахметжанов Аршалы ауданында өңір шаруаларымен кездесті. Жиын барысында фермерлерге мемлекеттік қолдауды алудың механизмдері түсіндірілді. Бұдан бөлек, жиналғандар шенеуніктерге ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті сауалдарын жолдады. Байдайдың бағасы, жаңа технологияларды пайдалану және өнімді өткізу нарығына қатысты мәселелер көтерілді.

РКС: Ауыл шаруашылығы министрі көктемгі егіс науқанын уақытылы аяқтаған ақмолалық шаруаларға алғысын жеткізді. Айта кетейік, биыл 5,5 миллион гектар аумаққа дәнді дақыл сіңірілді. Биылғы маусымда Ақмола өңірі алға қойған міндетті мерзімінен бұрын орындады. Осылайша 19 күнде егіс науқанын аяқтады. Бұл диқаншылар еңбегінің және мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шараларының жемісі.

СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 2022-23 жылдары 70 млрд ғана 5-пайызды кредит болған, өздеріңіз білесіздер. Одан артық болған жоқ. Қазіргі өзінде жалғыз сіздің облыс 103 млрд алады, бүкіл республика да көп. Жалпы бізде бүгін 700 млрд қаржы «Кең дала-2»-мен бөлініп отыр. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына, және күзгі егін жинау жұмыстарына бөлінеді. Кім әлі алған жоқ, бұл бағдарлама жалғасып отыр, қазір алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

РКС: Жеңілдетілген бағдарламалар бойынша қаржыландыруға өтінімдер қабылдау өткен жылдың желтоқсанында басталды. Облыс бойынша 800-ге тарта шаруашылық несие алды. Министр шаруаларға «Кең Дала» және «Кең Дала – 2» жобаларының ерекшеліктерін түсіндірді. Займдарды сақтандырудың 85 процентіне дей ін мемлекет қамтамасыз ететінін айтты. Осылайша, аграрийлер айналымдағы қаржысын толықтыра алады. Қажетті тұқым мен тыңайтқыш сатып алып, арнайы техникаларын да жаңартуға қарастырылып отырған зор мүмкіндік. Кездесу барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов жақын маңдағы аудандардың ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына жаіа 20 көліктің кілтін табыс етті.

ШУМ:

РКС: Айта кетейік, еліміз бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жалғасуда. 7 жылға 5 проценттік мөлшерлемемен беріледі. Отандық өндірістегі машиналар үшін 30, ал шетелдік техника үшін 15 процентке дейін субсидия қарастырылған. Заманауи автопарк шаруаларға барыншы бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді,-дейді аймақ басшысы Марат Ахметжанов. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өтінімдерге құжаттарды дұрыс беру мен рәсімдеу, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану ол шаруалардың жауапкершілігі екенін атап өтті. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар фермерлерге тиісті көмек көрсетіп, ақпараттандырып отырады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ