ДИКТОР: Жайдары жаз – жайма-шуақ әсерге бөленіп, жаңа таныстық орнатып, әрі пайдалы білім алатын кезең. Зеренді ауылындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінің базасында El Úmiti CAMP – 2025 жазғы лагері басталды. Бұл жай ғана демалыс емес, ашық аспан астындағы нағыз медиа мектеп. Ауысым барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар болашақ мамандықтар әлеміне енеді. Сонымен бірге мобильді түсірілім дағдыларын меңгереді. Оларға әлеуметтік коммуникациялар бойынша тренингтер өткізіледі. Медиа индустрия саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сағаттарына қатысады.
РКC: Жазғы білім беру лагерін жыл сайын El Umiti CAMP корпоративтік қоры ұйымдастырады. Қазақстанның болашақ көшбасшылары мен кәсіпқойлары ұрпағының өкілдерінің басын қосады. Жыл бойы бұл жасөспірімдер ұлттық деңгейде танылғандар. Мұнда 14 пен 18 жас аралығындағы елдегі ең белсенді 200 оқушыға осындай тегін демалыс ұйымдастырылып отыр.
СНХ: НАРКЕС ТОҚЫШЕВА, ЖОБАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Балалардың бағдарламасы, лагерьдің бағдарламасы өте тығыз. Себебі, біздің лагерь – білім беру лагері болып табылады. Бағдарлама екіге бөлінген, яғни, «Ел үміті» қатысушыларына бізде мобилография курстары болса, қалған басқа балаларға «Фотография негіздері» және де Smart-ұстаздан біздің өзіміздің жобаның тренингтары, профориентация, яғни балалардың кәсіби мамандандыру жағында тренингтар өткзілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бізде химия мен биологиядан тәжірибелер, яғни, химиялық тәжірибелер жасалуда. Балалар өздерінің білімдерін сынап жатыр. Практика барысында өздерін тексеріп жатыр және де көптеген эксперименттер жасауда.
РКС: Лагерьдің бағдарламасы білімге ғана емес, сонымен бірге жеке қасиеттерді, креативтілік пен ынталандыруды дамытуға бағытталған. Балалар бұл жерде спорттық эстафеталарға, зияткерлік квесттерге, пікірсайыстарға қатысып, асық ату сынды ұлттық ойындар мен шахматтан өзара сынға түседі. Мұның бәрі лагерьге келушілердің әр салада өз әлеуетін ашуға ықпал ететіні сөзсіз.
СНХ: МӘДИНА ӨТЕПБЕРГЕНОВА, ДЕМАЛУШЫ: Мен Қарағандыдан пікірсайыс арқылы осы жолдаманы жеңіп алдым. Лагерь өте жақсы, бағдарламасы өте ұнап жатыр. Біз күн сайын жаңа дағдыларды үйреніп, әртүрлі тапсырмалар орындаймыз. Мұнда бәрі өте керемет, жасақтардың бәрі белсенді, тәлімгерлеріміз де жақсы, маған бәрі ұнайды.
РКС: Айта кетейік, El Úmiti қорының бастамасымен жоба төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 600-ден астам жасөспірімнің тегін демалуына ықпал етті.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.