ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Красный Яр ауылындағы көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жолдарды жөндеу және өзендерді тазалау жұмыстарының барысымен танысты. Шаһар басшысы облыс орталығы мен қала маңындағы елді мекендердегі бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралады.

РКС: Қала әкімінің жұмыс сапары Красный Яр ауылына барар жолдың орташа жөндеу жұмыстарын тексеруден басталды. «Көкшетау жолдары» серіктестігінің бас инженерінің айтуынша, жөндеу жұмыстарын биыл 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Жол айырықтан Красный Ярға дейінгі көпірге дейін жол төсемі сегіз метрге дейін кеңейтіледі. Бұл учаскенің ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, аялдамалар маңы мен нөмірі 9 мектеп маңында абаттандыру жұмыстарын жөндеу жоспарланған.

ЛЮФТ: Все остановочные павильоны меняем, да? – Да. – Здесь проблемы были по отводу талой воды – это тоже мы пытаемся решить на двух участках. На одном мы три трубы кладем по 1,5 метра, на другой – две. Всю канаву будем расширять вдоль 5 километров протяженности дороги. Правильный каскад труб будет. – Правильный уклон. – Да, чтобы вода вся в сторону озера Копы уходила и угрозу для частного сектора не представляла.

РКС: Қала әкімі Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жобасының жүзеге асырылу барысымен да танысты. Нысанның құны 1 миллиард 117 миллион теңгені құрайды. Бұл ұзақ мерзімді құрылыс жобасы. Бұл ретте жобалық құжаттама өзгеріссіз қалды. Биылдан бері жұмысты жергілікті «Мейір» серіктестігі жүргізіп жатыр. Осыған дейін нысан құрылысын тендерді ұтып алған «Шебер Билдинг» серіктестігі жүргізген. Құрылыс жұмыстары екі жыл бойы өте баяу жүрді. Мердігер компания міндеттемелерін дұрыс атқармағаны үшін келісім-шарт бұзылды. Және сот арқылы 120 миллион теңге өндірілді. Бүгінде барлық жұмыстарды жаңа мердігер атқаруда.

ЛЮФТ: Проблемы, какие есть? – Проблем нет. – Когда сдадим объект? – Финансирование будет… - Финансирование полностью есть. – К 1 сентября, как говорили. – Сморите, вы сейчас народу обещаете. Первого сентября тогда дети сюда придут. – Конечно.

СНХ: МЕРЕКЕ ЖҮСІПОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: 2022 жылы мен Көкшетауда спорт кешенінің құрылысы туралы депутаттық сауал қойдым. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, кейін конкурс жарияланды. Алматылық «Шебер Билдинг» компаниясы жеңіске жетті. 2 жыл бойы олар іс жүзінде ешқандай жұмыс істемеді. Бір жыл бойы істерін сот қарады. Қазір құрылысты көкшетаулық компания жалғастыруда.

РКС: Әнуар Күмпекеев Шағалалы өзенінің бойындағы теміржол саяжайлары аймағындағы учаскені аралап көрді. Бүгінде каналдың ұзындығы 1500 метрді құрайды. Жауапты тұлғалар су қоймасының 900 метрін тереңдетіп, тазартқан.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыс әкімі Марат Мұратұлы бұл жобаны қолдады, бұл бюджеттің қаражаты емес. Арнаны, яғни Шағалалы өзенін тазартуға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Биыл бұл мәселені шешеміз.

РКС: Облыс орталығында су ағатын арықты қайта жөндеу жұмыстары басталды. Қалада бұрын-соңды мұндай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, тек су тасқынына қарсы жұмыстар аясында тазалық шаралары ұйымдастырылған. Бұл арық жыл сайын Зеренді трассасы, Бұқпа мен Динамо тау шаңғысы жағынан келетін су көлемін өткізіп үлгермейтін. Жаңа жобада арналарды кеңейту және орнату жұмыстары қарастырылған. Жұмысты мердігер «Инсект» компаниясы жүргізуд, бұл серіктестікпен өткен жылы келісім-шарт жасалған. Жобаны қаржыландыруға 400 миллион теңге бөлінді.

ЛЮФТ: Здесь у нас основная водоотводная канава которая начинается от улицы Вавилова, продолжается вдоль этой улицы Валиханова и выходит на реку Кылшакты. На сегодняшний день у нас разработан проект по реконструкции данной водоотводной канавы протяженностью 2,2 км. Это участок от улицы Вавилова до проспекта Назарбаева. Работы проводит подрядная организация ТОО «Инсект», был заключен договор в прошлом году. В этом году выделено финансирование, работы начаты.

РКС: Мәлік Ғабдуллин көшесінің бойындағы жол жөндеу жұмыстары да биыл аяқталады. Қазір Ақан сері, Бәйкен Әшімов учаскесінде жұмыс жүргізілуде. Еске салайық, жоба осыдан 3 жыл бұрын басталған.

СНХ: ДУЛАТ КӨТЕРБЕКОВ, «КӨКШЕТАУ АВТОДОР» СЕРІКТЕСТІГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылға бөлінген қаражаттың 500 миллион теңгесі берілді, оның 375 миллионы жылу магистралін қалпына келтіруге, қалған 125 миллион теңгесі учаскені, бордюрлерді, лотоктарды, кіреберістерді, автотұрақтарды төсеу және тротуардың астыңғы қабатына асфальт төсеуге, қиыршық тас төсеуге берілді. Бұл жұмыстарды шілденің ортасына дейін аяқтаймыз.

РКС: Облыс орталығында «Сарыарқа» шағын ауданы мен Уәлиханов көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Центральный мөлтек ауданындағы үйдің қасбетін қалыпқа келтіру, спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сапар қорытындысы бойынша қала басшысы мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдетіп, сапаға мән беруді тапсырды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.