ДИКТОР: «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Көкшетауда облыстық прокуратура мен өңірдегі өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды қабылдау ұйымдастырды. Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты. Ал күрделі сұрақтар тиісті органдардың бақылауына алынды.

РКС: Заңның үстемдігі – тұрақты қоғамның негізі. Осы орайда халықтың құқықтық сауатын арттыру, олардың талап-арыздарын тікелей тыңдау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтарды қабылдау шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамдық орында өткізілген алғашқы қабылдауға келген тұрғындар түрлі сұрақтары бойынша арнайы мамандардан кеңес алды.

СНХ:АЙДОС МҰХИТҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Бүгінгі күннен бастап «Заң және тәртіп» жобасы аясында біздің акциямыз басталды. Уәждерін тыңдау арқылы халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімдерін, жергілікті атқарушы органдарға деген сенімдерін арттыру және де әрі қарай жұмыстар жасау олардың уәждерін тиімді шешу болып табылады. Бүгінгі таңда бұл акцияның бірінші күні басталды. Әрі қарай жалғасатын болады. Тұрақты түрде өтетін болады. Қоғамдық орындарда , өзіміздің аудандарда, аудан халықтарымен де кездесулер өткізілетін болады.

РКС: Басты мақсат – әрбір азаматтың мәселесіне құлақ асып, заң аясында тиісті көмекті көрсету. Тұрғындардың көтерген мәселелері негізінен құқықтық көмек, әлеуметтік сұрақтар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты болды. Тіптен, студент жастар да болашақ жұмыс мәселесімен өз сауалдарын қоя келіпті. Солардың бірі-Айжан Манапова.

СНХ:АЙЖАН МАНАПОВА, СТУДЕНТ: Бүгінгі құқық қорғау органдарының Ашық есік күніне орай өз сұрақтарыма жауап алдым.Яғни жоғары оқу орнын бітіргеннен соң жас маман ретінде қайда орналасуға болады.Сол жайлы толық ақпарат берілді.

РКС: Осындай ашық әрі қолжетімді кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамда заң мен тәртіптің сақталуына да зор үлес қосады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ