ДИКТОР: Облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, қазақ тілін ғылым тіліне, цифрлы тіл моделіне жеткізуге бағытталған облыстық «QAZ TECH» ІТ жобалар байқауы өтті. Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы және Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» мекемесі бірлесіп өткізді.
РКС: Аталған байқау Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылады. Мақсаты – қазақ тілінде сөйлеп, ойлап, жазып үйренуге бағытталған қызықты, өзекті жобаларды анықтап, жас жоба құрастырушыларына қолдау көрсету, қазақстандық рухани бірлікті нығайту болып табылады.
СНХ: МӨЛДІР ДЕМЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Облыстық Казтег айти жобалар байқауы биыл Ақмола облысында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқаудың мақсаты сұранысқа ие заманауи технологияларды игере отырып, мемлекеттік тілді игертететін бағдарламаларды әзірлеу. скл. Биылғы байқауға Көкшетау, Степногорск қалаларының Бурабай ауданының орта және арнаулы оқу орындарынан Аити саласының мамандары және осы салада білім алып жүрген студент жастардан 12 өтінім келіп түсті.
РКС: Ұсынылатын ІТ жобаларды облысқа белгілі, кәсіби мамандар жобалардың қолжетімділігі, нәтижелілігі және қазіргі уақытта өзектілігі тұрғысынан саралап, бағалады. Облыстық байқаудың жүлдегерлері дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ