ДИКТОР: Зеренді ауданы тағы бір тарихи жаңалықпен толықты. Ұлттық музейдің археологтары Кенжебай қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде сақ дәуіріне тиесілі, бұрын-соңды тоналмаған екі мола мен бірқатар құнды жәдігерді тапты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел ауылының маңында орналасқан қорымда сақ дәуіріне тиесілі екі адамның мәйіті табылды. Ғалымдардың айтуынша бұл ер адам мен әйел адамның мүрдесі болса керек деген болжап жасап отыр. Сондай-ақ, бұл жерден табылған қола бұйымдар сақ дәуіріндегі әйел адамның әлеуметтік мәртебесі жоғары болғанын көрсетеді.

СНХ: ПЕРДЕХАН МҰСЫРМАНКҰЛ, АРХЕОЛОГ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ МӘДЕНИ-МҰРАНЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерде бір ерте темір дәуірінің тұрғыны жайында, олардың құрылыстары, сол жердегі олардың өмір сүру тәсілдеріне байланысты табылымдармен қатар, екі қорымда қазба жұмысын жүргізіп, оның бірінде әйел, бірінде ер кісінің жерленгені анықталып, олардың қасында сол ерте темір дәуіріне тән жерлеу дәстүрінің негізінде жерленгендігін анықтап отыр. Қорымдағы сүйектер ерте темір дәуірі дәстүрлеріне тән, жаңағы ғұрыптық тас, қола айна, пышақ секілді заттармен бірге көмкеріліп, олардың мына белбеу бөліктері қолада жасалған керемет нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Бұл біздің осы Көкшетау өңірінің көне тарихына жаңа көзқарасты ғылыми тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді бұл ашылымдар.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Мәйіттің сүйегі жақсы сақталған. Ғалымдар оны алдағы уақытта антропологиялық зерттеуге жібермек. Ғылыми қауымдастық бұл табылған олжаны Қазақстан археологиясындағы маңызды жаңалықтардың бірі ретінде бағалап отыр.

СНХ: ДАНИЯР ДҮЙСЕНБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ МӘДЕНИ-МҰРАНЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біреуінде әйел адам, біреуінде ер адам жерленген. Заттық материалдарын қарасақ, ер адамның белбеуінде өрнектелген сақ стилінде жасалған заттар табылып отыр. Одан бөлек басында темір пышақ, ғұрыпты малдың сүйектері және оттың қалдықтары табылып отыр. Бұл дегеніміз сонау заманнан бастап отқа табынудың болғандығын көрсетеді. Ал әйел адамның жерлеу орнында заттық материалдарда қола айна, тас жртвенник, құрбандық ыдыс табылып отыр. Ендігі таңда жауынгер, сарбаздардың рөлі қандай, қарапайым адамдардың рөлі қандай болған деген сұрақтарды іздеу керек. Бұл біз үшін өте құнды. Себебі бұл тонаушылар келіп тонаған кезде оны таба алмай кеткен. Бұл археологтарға бұйырып отыр.

РКС: Қазба жұмыстары барысында Кенжебай қорымына жақын аумақтан сақ дәуіріне тән қоныс белгілері де табылды. Археологтар Кенжебай қорымында табылған мәйіттерді сол қоныстың тұрғындары болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта археологтар Имантау жерінде де қазба жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Көкшетау түбіндегі бұл тарихи қазына еліміздің бай мәдени мұрасын толықтырып қана қоймай, сондай-ақ сақ дәуіріне қатысты тың деректердің ашылуына жол ашпақ.

  ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ