ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімдігінің өкілдері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен түлектердің ата-аналары қатысты.
РКС: Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, одан кейін академияның үздік түлектеріне төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов салтанатты түрде диплом табыстады. Министр барша жас офицерлерді құттықтап, құтқарушы мамандығы - ерлік пен жанқиярлықты, жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, түлектерге алдағы қызмет жолында табыс пен сәттілік тіледі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Құтқарушы батылды пен жанқиярлықты, тәртіп пен табандылықты талап ететін мамандық. Таңдаған жолдарыңыз ерлік пен жауапкершілікті қажет ететін абыройлы жол. Әрбір жас түлек біз үшін маңызды. Сіздер еліміздің әр өңірінде азаматтар мен олардың мүлкін қорғап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етесіздер. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекетіміздің келешегі жастардың қолында екенін, және оларды халықаралық стандарттарға сай білім алулары мен жарқын болашақтары үшін жағдай жасау қажет екенін үнемі айтады. Қазіргі таңда ел басшылығының қолдауымен құтқарушылардың мәртебесін көтеру мақсатында және әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін заң қабылданып, тұрғын-үй төлемдері мен басқа да жәрдемақылар қарастырылуда. Құрметті түлектер, сіздер келешекте әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болып, биік белестерді бағындырасыз. Әр ұрпақ алдыңғы ұрпақтан күштірек болу керек деп ойлймыз. Сіздерге мықты денсаулық, қажырлы қайрат пен табысты қызмет тілеймін. Әділетті Қазақстанның дамуына лайықты үлес қоса беріңіздер. Жолдарыңыз ашық, қызметтеріңіз абыройлы болсын!
РКС: Биыл Азаматтық қорғау академиясының қабырғасынан 145 жас офицер түлеп ұшты. Олар - ел қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қорғауға ант еткен, ертеңгі күннің сенімді тірегі болар мамандар. Академия - төтенше жағдайлар саласында кәсіби кадр дайындайтын еліміздегі бірегей жоғары оқу орны. Мұнда курсанттар негізгі төрт бағыт бойынша оқытылады. Бүгінде жоғары оқу орны 6 мыңға жуық маман даярлап шығарған. Олардың басым бөлігі бүгінде азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғап, ел тыныштығы жолында қызмет етуде.
СНХ: ДӘУЛЕТ ОРЫНБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Құтқару міндеті - мейірбан жандардың мәртебесі демекші, осы бізде отбасылық құндылықтар сақталып келе жатқандықтан, менік әкем, менің атам осы өрт қауіпсіздігі азаматтық қорғау жүйесінде жұмыс істегеннен кейін, мен де осы саланы таңдаған едім. Жалпы Отанға адал қызмет ету - әр ер адамның борышы болғаннан кейін мен құтқарушы қызметін таңдадым. Бізді 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, өмірге деген көзқарасымызды қалыптастырып, елге қызмет етуге үйреткен профессорлық оқытушы құрамға және курс басшылығына үлкен алғысымызды білдіремін. Алдағы уақытта Шымкент қаласында Отан алдындағы борышымызды әрмен қарай өтеймін деп сенемін. Шымкент қаласынан оқуға түскенмін. Шымкент қаласына қарауыл бастығы болып қызмет етуге бара жатырмын.
РКС: Салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ата-аналар да қатысып, түлектердің қуанышына ортақтасты. Олар барша жас офицердің алдағы қызмет жолына сәттілік тілеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
СНХ: ЭЛЬМИРА ОРАЗОВА, АТА-АНА: Ұлым Бегалы Әділ. 3-ші взводта оқып, мінекей, бітірді биыл. Өзі қалап, осы оқуға түссем, армандап келіп, оқып шықты. Ешқандай қиындықсыз, бәрі жақсы өтті. 4 жыл оқып, 4 жылымыз 4 күндей болып өтіп кетті. Өзіміз Алматыдан келіп тұрмыз арнайы осы марапаттауға. Міне, бүгін министрдің қолынан диплом алып, құдайға шүкір деп қуанып, жүрегіміз жарылып жатқан жағдайымыз бар. Барлығына ақ жол, осы түлектеріміз құдай қаласа, генерал болып, елге адал қызмет істесін. Елдің азаматы болып, еңбектеріменен биіктерден көріне берсін.
РКС: Салтанатты шара барысында лейтенант Әрсен Әлімжомартовқа Қазақ КСР-і өрт сөндіру қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ардагерлер кеңесінің алғашқы төрағасы, полковник Нұрпейіс Ақпаровтың атаулы стипендиясы табысталды. Бұдан соң офицерлер қоштасу вальсін биледі. Шара соңы офицерлердің салтанатты шеруімен аяқталды.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ