ДИКТОР: Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер күніне орайлдастырылған салтанатты жиын өтті. Шара барысында мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген бір топ азамат марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты шарада Мемлекеттік Ту сахна төріне шығарылып, Қазақстанның Әнұраны орындалды. Бұдан соң мемлекеттік қызметке алғаш рет қадам басып отырған жас мамандар адал еңбек етіп, ел мүддесіне қызмет етуге ант берді. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов барша мемлекеттік қызмешілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ел дамуы мен қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызмет өкілдерінің еңбегін ерекше атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекеттік қызметшілерге еліміздің егемендігі мен тұтастығын қолдау және дамыту бойынша айрықша міндеттер жүктелген. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық сияқты қасиеттер болуы тиіс. Мемлекеттік қызметші күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес, сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің рөлін терең бағалау үшін үлкен себеп. Сіздер қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік саясатты, озық идеяларды жүзеге асыратын азаматтарсыздар. Бүгінгі таңда Ақмола облысында мемлекеттік қызметте 4 мыңнан аса мемлекетті қызметші жұмыс істейді. Соның ішінде 3 мыңға жуығы жергілікті атқарушы органдардың жүйесінде. Мемлекеттік аппаратқа адал, білімді, бастамашыл, халық игілігіне қызмет етуге дайын жас мамандар әрдайым қажет.
РКС: Шара барысында 15 жылдан астам мемлекеттік қызметте адал еңбегімен ерекшеленген бір топ қызметкер «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшіге Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы Думан Әбілев те кәсіби мерекеге орай ізгі тілегін білдіріп, сала үздіктерін марапаттады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙСҰЛУ ӘБДІЛМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 21 жылдан артық жұмыс істеп келе жатырмын. Еңбегімді бағалап, «Еңбек ардагері» медалімен қызметшілер күніне орай марапаттап жатыр. Еңбегімді елеген үшін алғысымды айтамын. Өзіміздің артымыздан еріп келе жатқан жастарға еңбектері жансын деймін, біздің мемлекеттік органдарымызда осындай саналы да білімді жстар көбейе берсін дегім келеді.
СНХ: ЕРДЕН НҰРМҰХАМЕТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мен үшін де бүгін айтулы күн болып отыр. Себебі ең алғаш рет мен мемлекеттік қызметші ретінде бүгін ант қабылдап отырмын. Айтарым, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
РКС: Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың орындауындағы патриоттық рухтағы концерттік бағдарламамен жалғасты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ