ДИКТОР: Қазақстан есірткі тұтыну деңгейі бойынша әлемде сегізінші орында тұр. Сарапшылардың дерегінше, елімізде шамамен 143 мың азамат есірткіге тәуелді. Әрбір алтыншы қазақстандық өмірінде кем дегенде бір рет тыйым салынған заттарды қолданып көрген. Есірткіге тәуелділікпен күрес жөніндегі айлық аясында облыс орталығында «Esirtkisiz Bolashaq» қорының төрағасы Жандос Ақтаевтың қатысуымен дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті.
РКС: Шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері және жастар қатысты. Қатысушылар еліміздегі және өңірдегі қазіргі жағдайды талдап, есірткінің алдын алу және онымен күрес мәселелерін талқылады. Әсіресе жастардың есірткі қолдануға және оны таратуға, соның ішінде интернет пен мессенджерлер арқылы тартылуы мәселесіне ерекше назар аударылды.
СНХ: НҰРЖІГІТ РӘШИТОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазіргі кезде жастар көп есірткі қолданады. Себебі жастар өзінің мысалға айналысатын ісін нақты білмейді, сол себепті телефон көру арқылы телеграмнан жарнамалар келеді. Адамдардың қызуышылығы солай пайда болады. Есірткіге тәуелділік. Қазіргі кезде студенттердің көбісі курьер болып жұмыс істейді. Өйткені, жеңіл ақша тапқысы келеді.
РКС: Айта кетейік, бұл - республикадағы алғашқы осындай кабинет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай орталықтарды еліміздің басқа өңірлерінде де кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.
СНХ: ЖАНДОС АҚТАЕВ, «ESIRTKISIZ BOLASHAQ» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастарды есірткімен күреске баулу және толықтай тарту біздің басты міндетіміз деп санаймыз. Ең бірінші Қазақстандағы осы профилактикалық фронт-офис Ақмола облысында ашылғанына біз өте қуаныштымыз. Сонтықтан толықтай фронт-офистің командасына сәттілік. Жақсы бір сүбелі жұмыс болады деп біз үміттенеміз.
РКС: Жедел кеңсе қызметі алдын алу шараларының кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Негізгі бастамалардың қатарында - стикербомбинг акцияларын ұйымдастыру, есірткі қолданудың қаупі туралы ақпараттық материалдарды тарату бар. Бұдан бөлек, оқыту тренингтерін өткізу, сондай-ақ көшедегі есірткі жарнамаларын анықтап, жою мақсатында рейдтерге шығу жоспарланып отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ