ДИКТОР: Көкшетауда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірдің мектеп оқушылары мен студенттер үшін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды. Аталған шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтті.
РКС: Акцияға қатысушылар антикоррупциялық органның қызметімен жан-жақты танысып, тергеу үдерістері мен нақты істер жайында мәлімет алды. Сонымен қатар, олардың санасына ой саларлық, жемқорлықтың зиянын ашып көрсететін бейнероликтер көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің органда үш функция бар. Біріншісі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және жалпы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарының алдын алумен айналысатын превентивтік қызмет. Екіншісі - жедел қызмет, ал үшіншісі - тергеу қызметі. Бұған дейін біздің орган мемлекеттік қызмет департаментінің функцияларын да қамтыды, яғни бір органның құрамында болдық. Кейін бұл құрылым бөлініп, 2019 жылдан бастап біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылдық.
РКС: Бұдан бөлек, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары мен мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың тәртібі түсіндірілді.
СНХ: КИРА РАКИТИНА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бүгінгі өткен ашық есік күні өте мазмұнды әрі қызықты болды. Көптеген пайдалы мәліметтер ұсынылды. "Антикор" қызметкерлерін тыңдап, керемет әсер алдым. Олар нақты мысалдар мен статистиканы келтіріп, бізге тың әрі маңызды ақпарат берді. Жеке өз басым сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін зиянды құбылыс екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Онымен күресу - әр азаматтың борышы деп ойлаймын. Сонымен қатар, болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін ұйымдардың волонтері болып немесе осы салада қызмет етсем деген ойым бар.
РКС: Департамент өкілдері жастарды қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырды. Бүгінгідей тәрбиелік мәні бар шаралар жастардың заңға деген құрметін арттырып, еліміздің дамуына тың серпін бермек.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ