ДИКТОР: Былтыр кешенді жоспардың барлық негізгі бағыттары бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Кәсіпкерлікті қолдауды, біліктілікті арттыруды және әлеуметтік қолдауды жақсартуды қоса алғанда, кешенді тәсілге бағытталған бұл жоспар 2029 жылға дейін халық табысының тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс.
РКС: 2025 жылы 32 мыңға жуық жаңа жұмыс орынын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда соның 10 мыңға жуығы ашылды. Мемлекеттен кәсіпкерлерге берілетін грант 400 айлық есептік көрсеткішке сәйкес келеді. Ал, көпбалалы аналар үшін бұл — тек өз арманы ғана емес, балаларының болашағы үшін жасалатын қадам. Таисияның жеке кәсібі бар. Көпбалалы ана бола тұра, ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастап кеткен. Таисия сияқты жүздеген ана еңбек бағдарламасы аясында тегін оқып, кәсіп ашу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – тек материалдық табыс емес, рухани еркіндік. Отбасында балаларына да қарап, кәсібін дөңгелетіп отырған Таисия сияқты аналар шамалы.
СНХ: ТАИСИЯ РАФАЛЬСКАЯ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Өткен жылдың тамыз айында мен жабдық сатып алуға грант ұтып алдым. Осында тұрған барлық жабдықтарды мен грант қаражаты есебінен сатып алдым. Өз ақшамды да қостым. Жалпы, бұл идеяның өзі, мүмкін, бала кезімнен бір нәрсе жасағанды ұнататынмын,содан шығар деп ойлаймын. Онда қуыршақтар тігіп, өзімнің бір дүнием болғанын қалайтынмын. Мен көп балалы ана болғандықтан, жұмысқа кіруге мүмкіндік жоқ. Балаларға қарау керек. Сондықтан өз ісімді бастасам деген ой келді. Өзімді сынап көруге бекіндім. Әзірге мен жалғыз жұмыс істеймін. Менің көмекшілерім бар. Тапсырыс өп болатын кез сирек кездеседі.
РКС: Кәсіп бастаймын деген әрбір азаматқа мемлекет тарапынан түрлі қолдау бар. Әсіресе, көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде Тайсия Рафальскаяның арманы орындалды. Себебі ол сенді, еңбектенді және қолдау тапты. Енді бұл тек бастамасы ғана. Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды іске асыру шеңберінде жаңа мамандықтар алу үшін былтыр 456 адам оқудан өткен. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 373 адам, жұмыс орындарына 83 адам жіберілді. Қазір 403 адам оқуын аяқтап, 386 адам жұмысқа орналасқан.
СНХ:АНАРА МҰХАМЕДЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.2024 жылы екі ағынның қорытындысы бойынша 168 адам өтеусіз мемлекеттік грантқа ие болды, оның ішінде 11 адам ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлер.2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына 334 млн теңге соммасына 224 грант беру жоспарланған. Бірінші лектің қорытындысы бойынша өтеусіз мемлекеттік грант 84 адамға мақұлданып, 74 млн теңге сомасына 49 грант алушыға берілді.
РКС: Айта кетейік, өтініш бергенге дейін талапкер Skills.enbek. kz сайтындағы «Bastau Business» кәсіпкерлік негіздері курсын өтуі керек. Сертификат 3 жылға жарамды. Осыдан кейін өтінім беру үшін Bussines.enbek.kz порталына өтіп, грантты алу шарттарына сәйкестігін тексеріп, өтініш қалдырады. Грант алуға екі санат бойынша, яғни тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер жүгіне алады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ