ДИКТОР: Биыл "Ауыл аманаты" бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысы тұрғындарының 212 өтінімі мақұлданған. 1 млрд 795 миллион теңгенің несиесі берілмек, күні бүгінге дейін 195 адам несие алып үлгерген.
РКС: Целиноград ауданы, Ақмол ауылының тұрғыны Қалман Әбиұлы қала тұрғындары мен туристерге арнап демалыс аумағын ашуды жоспарлауда. Бизнес жоспар құрып, несие рәсімдеу үшін облыс орталығына арнайы келген.
СНХ: ҚАЛМАН ӘБИҰЛЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздегі кәсіптегі жоспар атпен серуен болып табылады. Мысалы қала тұрғындары мен балалар, туристер келіп ат мініп, демалып қайтуға ыңғайлы орын дайындап жатырмыз. Аудандық Атамекен палатасының қолдауына өтініш беріп жатырмыз. құжат тапсырып жатырмын.
РКС: Ал Зеренді ауданы, Ескенежал ауылының тұрғыны Нұрлан Жәкенов бұған дейін жұмыссыз жүрген. Өткен жылдың соңында мал басын көбейту мақсатында несие рәсімдеген. Берілген қаражатқа 11 бас жылқы сатып алды.
СНХ: НҰРЛАН ЖӘКЕНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Несиеге 2 жыл үзіліс беріледі. 2,5 процент өте жақсы. 2 жылдың ішінде малды өсіріп, көбейтіп, несиені кейін төлеу өте ыңғайлы.
РКС: Жалпы "Ауыл аманаты" бағдарламасы басталған 2023 жылдан бері облыста 393 адам 2 млрд 864 млн теңгеге несие рәсімдеген.
СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2023 жылы 198 адам 1 млрд 200 млн теңге шағын несие алған. 208 жұмыс орны ашылды. Біздің өңір аграрлы болғандықтан бар соманың 78 проценті аграрлы салаға берілді. 22 проценті өзге бизнесті ашуға берілді.
РКС: Былтыр 1 млрд 848 млн теңге бөлінген. Оның 100 млн теңгесі Атбасар ауданында "Цифрлық теңге" пилоттық жобасына қатысушыларға берілді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ