ДИКТОР: Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов қоғам тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген құқық қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатарын марапаттады.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов құқық қорғау саласының үздік мамандарын арнайы құттықтап, олардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Салтанатты шара барысында бірқатар полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Аймақ басшысы арнайы қатысып, қоғам тыныштығы үшін тер төгіп жүрген ерлерге ыстық лебізін білдірді. Қоғам сенімі – полиция беделінің биігі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі кеңейтілген алқа отырысында әділетті және қауіпсіз Қазақстан құру үшін заң мен тәртіп үстем ділігін барлық азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге құқықты негіз ретінде бекіту қажетін атап өтті. Заңдылық, құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын-алу,қамтамасыз ету саласындағы нақты басымдықтар қойылды. Қылмыстың алдын алуда Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін полиция мен халықты әлеуметтік қорғау органдарының бірлескен жұмысы өте маңызды. Бірлескен қызмет аясында халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сеніміне жету қажет. «Зиялы қауым» жобасы аясында облыстың кейбір аймақтары ішімдікті сатудан мүлдем бас тартты. Соның арқасында құқық бұзушылық бірнеше есе азайып, ал кейбір ауылдарда қылмыс мүлдем жасалмады. Сіздердің атқарып жатқан қызметтеріңіз аймақта тұлғаға қарсы тіркелген қылмыстардың азаюы бойынша нақты нәтиже беруде. Алдағы уақытта сіздердің құзыреттіліктеріңіз бен белсенді жұмыстарыңыздың арқасында полицияның негізгі міндеттері сәтті орындалады деп сенемін.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Күнделікті полиция қызметі – ел тыныштығы мен заң үстемдігінің кепілі. Тыныштығы тұрақты елдің тірегі – тәртіп сақшылары. Сонымен қатар қызмет бабында қаза тапқан полицейлермен олардың отбасына құрмет көрсетілді.Халық үшін күн-түн демей қызмет ететін полицейлер бүгін ерекше құрметке бөленді. Ал сол сенімді ақтаған әрбір қызметкер – бейбіт елдің батырлары. Ақмола төріндегі бүгінгі салтанат – сол батырларға арналған құрметтің көрінісі. Ел тыныштығы сапында қалыптан қалмай қатарда қызмет етіп келе жатқан абыройлы отбасылар да марапат төрінен көрінді. Солардың қатарында Мәдимұхамедовтердің де отбасы бар.

СНХ:АРДАҚ МӘДИМҰХАМЕДОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгін кәсіби мейраммен әріптестерімді құттықтаймын. Біріншіден елімізге тыныштық керек. Еңбек ету керек елге. Тәртіп бүкілін сақтап бәрі жақсы болсын.

РКС: Салтанатты шарада үздік қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Халық алдындағы беделді қызметте биіктен көрінген сала қызметкерлері арнайы марапатқа ие болды.Олардың қатарында жедел әрекет етуімен көзге түскен жас мамандар да, бірнеше онжылдық қызмет жолын артқа тастаған ардагерлер де бар. Тәртіп сақшысының қызметі – көзге көрінбейтін, алайда ел тыныштығына елеулі үлес қосатын күрделі еңбек. Бүгінгі марапат – осы жолда аянбай тер төккендерге берілген лайықты бағасы. Марапат алғандар қатарында заң мен тәртіп жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан қоғам белсенділері де болды.

СНХ: ЕРКЕБАЙ БАЙЖІГІТОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ ШУИЙСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кеше ғана Астанадан оралдым. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан "Алғыс хат" алдым. 5 жылдан бері ауылымызда ешқандай қылмыс жасалған жоқ. Бұл біздің учаскелік полиция инспекторының еңбегі. Онымен бірлесе жұмыс істейміз. Серіктестігіміз өркендеп келеді, мәдени демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Халықтың мәдени демалуын, қажетсіз істермен айналыспауын қолдаймын. Мен әрқашан біздің ауылдың өркендегенін қалаймын. Баршаңызға одан әрі игіліктер тілеймін. Ең бастысы, бізде құқық бұзушылықтар болмасын деген тілегім бар. .

СНХ: АЙДОС ИСАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ШТАБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі полиция күні мерекесімен бүкіл жерлестерді, бүкіл әріптестерімді құттықтағым келіп тұр шын жүректен. Табыс тілеймін! Үлкен дәрежеде көріне берсін! Заманымыз тыныш болсын! Еліміз тыныш болсын! Алға қойған мақсаттың барлығы орындала берсін! Жақсылықта, тойда кездесе берейік! Полиция қызметкерлерінің жұмысы – өте қауіпті қызмет, өте ауыр қызмет, қоғам қауіпсіздігінде қызмет жасап жүрген қызметкерлерге бүгінгі полиция қызметкерлерінің күні мерекесімен құттықтаймын.

РКС: Шара соңында сала ардагерлері мен жас қызметкерлер де сөз алып, әріптестерін айтулы күнмен құттықтады. Шара концерттік іс-шарамен жалғасты.Бұл – ел тыныштығы жолындағы тынымсыз еңбектің лайықты бағалануы.Тәртіп сақшыларына көрсетілген бұл құрмет – олардың ел алдындағы үлкен жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындай түсті.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ , ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ