ДИКТОР: Көкшетаудағы жаңа жағалауда спорт сүйер қауым мен салауатты өмір салтын ұстанатын жүздеген қала тұрғынын біріктірген спорттық шара өтті. Іс-шара Халықаралық Олимпиада күні мен есірткі қолдану және оның заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге орайластырылды. Ұйымдастырушылар шараны тек көрнекі ғана емес, мазмұнды әрі пайдалы етіп өткізуге ерекше мән берді.

РКС: Көтеріңкі көңіл күй мен денсаулыққа пайдасы мол спорттық шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, жаттықтырушылар және белсенді қала тұрғындары бар. Шара бағдарламасына флешмоб, жағалау бойымен жүгіру және Олимпиада қозғалысы мен есірткіге қарсы күрес тақырыбына арналған спорттық викториналар енді.

СНХ: АЯН ШӨКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін облыстық полиция департаментімен бірлесіп осындай ауқымды шара ұйымдастырып жатырмыз. 26-шы маусым есірткімен күрес күні. Жалпы жастарды спортқа баулып, есірткіден аулақ болуға насихаттау. Дені сау болу қазір көпке үлгі. Спортшылар есірткіге, темекіге қашан да қарсы. Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз, және өзгелерге оны насихаттаудан жалықпаймыз.

РКС: Облыстың майталман спортшыларды қатысушыларды қолдауға келіпті. Олар тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жастарды белсенді, салауатты өмір таңдауға жігерлендірді.

СНХ: ЕКАТЕРИНА СТОЛЯРЕНКО, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Балалардың спортпен көбірек шұғылданғанын қалаймын. Шымыр болып өседі, зейіні артады. Екіншіден спорт шымырлықпен қатар тәртіпке үйретеді, дене бітімі шынығады. Рухы мықты болып өседі.

РКС: Ұйымдастырушылар мұндай спорттық мерекелерді алдағы уақытта игі дәстүрге айналдырамыз деп отыр. Өйткені, спорт жеңіске жетелеумен қатар, салауатты өмір салтына да даңғыл жол салмақ.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ