ДИКТОР: «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері «Мобильді қабылдау» акциясын ұйымдастырды. Қатаркөл ауылының тұрғындары үшін көшеде азаматтарды қабылдауға арналған мобильді пункт орналастырылды.

РКС: Кез келген тұрғын өз ауылынан шықпай-ақ, сол жерде тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Қабылдауға келгендердің бірі - Қатаркөл ауылының тұрғыны Омар Оразбеков. Ол өз үйінің маңындағы иесіз жер телімін жекешелендіру тәртібі бойынша сұрақпен келіпті. .

СНХ: ОМАР ОРАЗБЕКОВ, ҚАТАРКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған атамнан мұраға үй қалған еді, ал оның жанында иесіз қалған жер телімі бар. Сол жерді мен абаттандырдым: шөбін шауып, тазаладым. Кейін ол жердің иесіз екенін білдім және енді сол жерді меншігіме рәсімдегім келеді. Осы мақсатта жер комитеті маманына жүгіндім. Ол маған бұл процесті қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде толық, жан-жақты ақпарат берді. Оны іске асыруға болады екен. Қажетті әрекеттер алгоритмін толығымен түсіндіріп берді. Ризамын. Бүгінгі кездесу өте пайдалы болды деп айта аламын. Тұрғындар осындай мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Мұның бәрі - тегін әрі ыңғайлы. Бізге арнайы білікті мамандар келіп отыр, кезек күтіп әуре болмайсың. Сондықтан мен мұны өте жақсы бастама деп санаймын.

РКС: Барлық азаматтық өтініштер мұқият әрі жан-жақты қаралды. Қатысушыларға білікті заңгерлік көмек көрсетілді. Ал мәселелері қосымша зерделеуді талап ететін азаматтардың өтініштері тиісті құзыретті мемлекеттік органдарға жолданды.

СНХ: ЖАНҚОЖА ӘБИБУЛА, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Ауыл тұрғындарына ақпарат алу жене мемлекеттік органдарга жүгіну мүмкіндіктері шектеулі, сол себепті бұл формат ауылдық елді мекендерде оз тиімділігін керсетеріне сенімдіміз. Мемлекеттік органдардың осындай бірлескен іс-қимылы заңдылықты нығайтуга, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететінін атап өткім келеді.

РКС: «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заң көмегінің қолжетімділігін арттыру және халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру - қоғамда заңдылықты нығайтуға бағытталған маңызды міндеттердің қатарында. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, облыстың барлық аудандарын қамтиды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ