ДИКТОР: Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың 95 жылдығына орай конференция өтті. Іс-шараға еліміздің әр түкпірінен зиялы қауым өкілдері жиналған.
РКС: Еркін Әуелбеков жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қай өңірді, қай саланы басқарса да халық шаруашылығын үлкен табыстарға жеткізе білді. Елі үшін еткен еңбегі еленіп, Кеңес дәуірінде Социалистік Еңбек ері атанды. Еліміз Тәуелсіздік алған 1991-92 жылдары Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының алға жылжуына зор үлес қосты.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол кісі билік тізгінен ұстаған сәттен бастап Көкшетау облысы артта қалған өңірден жедел қарқынмен қадам басып, өзін өзі толық қамтамасыз еткен Кеңес одағының ірі облысына айналды. Сол жылдары жаздық бидайдың қатты және күшті түрлері көптеп себілді. Картоп пен көкеніс отырғығуда одақ бойынша айтарлықтай жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
РКС: Еркін Әуелбековтың еңбкепен өрілген ғибратты ғұмыры бүгінгі ұрпаққа зор өнеге. Облыстың бірінші хатшысы болып тұрған кезде өңірде 50-ге жуық кеңшар ашылды. Шаруашылық дамып, өңір экономикасы қарыштад. Халықтың еңсесі тіктелді. Конференцияға Көкшенің зиялы қауымымен Қызылорда, Торғай, Астанадан арнайы қонақтар да қатысты.
СНХ: СӘДУАҚАС АҢСАТ, "ТІЛ САҚШЫСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ГАЗЕТІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Бұл кісі жатпай тұрмай елдің экологиялық, экономикалық жағдайын көтеру үшін барынша еңбек етті. Өзіне дейінгі басшылардың біліктілігі қауқары не пендешілігі жетпей істей алмаған жұмыстарды бізге орындап кеткен. сондықтан Ерекеңе біз үлкен құрметпен қараймыз. Арал апат аймағына заң шығаруға ықпал етті. соның арқасында осы кезге дейіз кей аудандар 50 пайыз, еңбек демалысына 12 күн қоса беріледі. кей аудандар 30 пайыз, тағы еңбек күндерін демалады. Соынмен қатар өнеркәсібі дамымаған республикадағы экономикаға 1 пайыз үлес қосатын өңірміз. Мұнай шығаратын Құмқөл кенішін скл табылып, соны ғалымдарға тездетіп шығаруға қамшылады.
РКС: Еркін Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстанының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері медальдарымен марапатталған. Елінің өркендеуіне ерен еңбегі сіңген тау тұлғаның 95 жвлдвғвна орай еліміздің әр түкіпірінде түрлі іс-шаралар өтеді деп күтілуде.
ест.шум
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ