ДИКТОР: Алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы – қырағылық пен хабардарлық. «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумында мемлекеттік органдардың өкілдері қатысушыларға алаяқтар жұмыс істейтін кейстерді таныстыды. Спикерлер махинаторлардың қармағына түсіп қалмау үшін азаматтардың өзін және туғандарын қалай қорғау керектігін түсіндірді.
РКС: Интернет-алаяқтық қоғамның өзекті мәселесіне айналғалы қашан. Қылмыскерлер цифрлық кеңістікте әбден жетілдірілген әдістерді көп қолданады. Олар ұйымдасқан түрде әрі жүйелі жұмыс істеуге көшкен. Біреуі қоңырау шалып, қайткен күнде мәліметтерді алуға тырысады. Ал енді бірі жалған тұлғаларға карталар мен сим-карталар рәсімдесе, үшіншісі қолма-қол ақшаға айналдырып, қаржыны шешіп алады. Мәселен, әлеуметтік желідегі товар сатылымы. Азаматша сатушыға қаржының бір бөлігін аударған. Одан соң байланыс үзілген. Кейін ол парақшаның жалған екені анықталды.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі «XXI ғасырдың қаржылык триггерлері» форумы Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланган «ЗАН МЕН ТӘРТІП» ұлттық жобасына арналган іс-шара. Біз қарқкынды өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Өкінішке орай бұл үрдіс қаржы саласына да тән. Жаңа технологиялар мүмкіндіктермен қатар алаяқтар үшін жаңа жолдарды да ашып отыр. Қаржылық пирамидалар инвестициялык жобалар ретінде жасырынады, телефон арқылы алаяқтық жасайтындарға, халық барған сайын сенімді болып барады, ал ғаламтор түрлі түзақтарға толы. Әрқайсымыз «тиімді ұсыныстары» бар үмәнді қоңыраулар мен хабарламалар алдық.
СНХ: МАРЖАН МУСКИНА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: Қаржылық пирамидалар, түрлі схемалар біздің қоғамның сорына айналған. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп жұрттың соңғы тиынын қағып алып жатыр. Сондықтан менің ойымша бұл ретте әр азамат сауатты болуы керек. Полиция, экономикалық тергеп-тексеру департаменттері мамандарының айтқан нұсқаулықтарын бұлжытпай орындау қажет.
РКС: Жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері кесте ұдайы өзгеріп отыратынын айтады. Бірақ, қашан да түпкі мақсат – ақша. Интернеттегі тәртіптің өмірлік қарапайым маңызды ережесі – ешқашан картаның мәліметін, кодын, паролін хабарламау. Сайттар мен қосымшаларды тексеру керек. Өйткені, алаяқтар кәдімгі ұйымдардың дизайнын көшіреді. Қосфакторлы аутентификацияны қолдану қажет, екіншіден, тіпті таныстарыңыздан келсе де күмәнді сілтемеге өтпеген дұрыс.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕЬЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ