ДИКТОР: Көкшетауда Вернадский мен Капцевич көшелерінің қиылысында бой көтерген бес қабатты жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Пәтерлердің алғашқы иелері - танымал паралимпиадашылар Еркін Ғаббасов пен Давид Дегтярев. Бұл нысан - шаһар инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалардың бірі. Сондай-ақ, Көкшетауда «Көк шалғын» атты ауқымды қайта жаңғырту жобасы бастау алды. Жоба аясында Жеңіс саябағы, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Мақтай Сағдиев көшесі біріктіріліп, төрт қоғамдық кеңістік жаңаша кейіпке енбек.

РКС: Жаңа тұрғын үй кешені төрт көпқабатты үйден тұрады. Мұнда бір бөлмеліден үш бөлмеліге дейінгі түрлі жоспардағы 135 пәтер бар. Пәтер ішіндегі жайлылықпен қатар, сыртқы инфрақұрылым да назардан тыс қалмаған. Тұрғын үй алдындағы аула абаттандырылып, балалар мен спорт алаңдары орнатылған. Алғашқы пәтер иелері - паралимпиадашылар Давид Дегтярев пен Еркін Ғаббасов. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысып, жаңа қоныс иелеріне кілттерді табыстады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРКІН ҒАББАСОВ, ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Бүгін жақсы жаңалық естіп отырмыз. Пәтердің кілтін береміз деп жатыр. Жалпы осы біздің Ақмола облысына әкімшіліктеріне, құзырлы органдарына көптен-көп рақмет! Осылай оперативно дейді ғой қолдау білдіріп жатқандарына көптен-көп рақмет! Бұл үлкен жетістіктерге деген бізге серпіліс береді. Жалпы қуанышым шексіз. Қуаныштымыз!

СНХ: ДАВИД ДЕГТЯРЕВ, ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ: Бүгін мен үшін ерекше күн. Парижде өткен Паралимпиада ойындарындағы жеңісімнің нәтижесінде пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысып отырмын. Бұл — менің ғана емес, барша қазақстандық спортшылардың еңбегіне берілген жоғары баға. Бірінші орын үшін үш бөлмелі пәтер берілді. Бұл - мемлекет тарапынан спортшыларға көрсетіліп отырған зор қолдау. Осындай марапаттар ел ішіндегі ғана емес, халықаралық аренадағы жетістіктеріміздің артуына да серпін беретіні анық.

РКС: Алдағы уақытта бұл тұрғын үй кешеніне көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты зейнеткерлер, жас мамандар мен баспанаға мұқтаж басқа да әлеуметтік осал санатындағы азаматтар қоныстанады. Көкшетауда қаланың орталық бөлігін жаңғыртуға бағытталған «Көк шалғын» ауқымды жобасы басталды. Жоба Жеңіс саябағы, Даңқ Аллеясы, Тәуелсіздік алаңы мен Сағдиев көшесін қамтиды. Кешеннің жалпы аумағы 8 гектарға жуық. Ұзындығы 2 шақырымға жақын.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РОМАН ШНАЙДЕРМАН, АРХИТЕКТОР, Q88 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАРДЫ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Көкшетаудағы ең ауқымды жоба осы шығар. Біз кешенді түрде абаттандырамыз. Ол дегеніміз асфальттау, жарықпен қамту, көгалдандыру, шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын және спорттық алаңдардың бәрі бір мезетте жасалады. Жеңіс саябағын қайта жаңғырту аясында 3 гектар аумаққа саябақ орналастырыладщы. Қазір тек мемориалдық бөлігі ғана, қалған пайдаланылмаған 2 гектары саябақ ретінде ұсынылады. Одан соң Даңқ аллеясы, ол жер жаяу жүргіншілерге арналған қолайлы көше болады.

РКС: Қала тұрғындары жаңғырту жұмыстарының басталатынына қуанышты. Светлана Руденко 60 жылдан астам осы қалада тұрады. Қарт тұрғын облыс орталығының орталық бөлігі бұған дейін жөндеу көрмеген, сондықтан шаһар тұрғындары үшін заманауи, абаттандырылған әрі қолайлы кеңістік керек дейді.

СНХ: СВЕТЛАНА РУДЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өте қуаныштымын. Жаңартылғаннан кейін бұл жерде керемет саябақ болатынына күмәнім жоқ. Біздің үй 50 жылдан соң сүрілді. 75-ші жылдың ортасынан, мына ескерткіш орнатылған күннен бері күттік. Осы аумақтан жаңа пәтер аламыз деген үмітіміз бар. Өйткені, осы жерге үйренгенбіз. Осы саябақта серуендейміз.

РКС: Жаңғырту жұмыстарын 25-ші тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. «Көк шалғын» жобасы жергілікті тұрғындармен қатар туристер үшін де өте тартымды болмақ. Мамандар осылай дейді. Жаңартылған саябақ, аллеялар мен көшелер отбасылық демалыс мен мәдени шаралар, сонымен бірге серуендеуге арналған нағыз заманауи орынға айналады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ