ДИКТОР: Бразилия астанасы Сан-Паулуда MMA өткен әлем чемпионатына бірнеше елдің мықты спортшылары қатысты. Осынау байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы командалық 3 орынға ие болды. Ақмола облысының жекпе-жек шеберлері бір алтын, бір күміс, бір қола медаль жең іп әкелді.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ:Енді бірер минуттан соң жерлестеріміз келеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАСҰЛАН ЖАНТАСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Әр жеңіс маңдай тер және еңбекпен келеді. Бразилияда өткен әлем чемпионатына Ақмола облысының спортшылары жан жақты дайындықпен барды. 4 күн бойы аянбай айқасты. Бір күміс,бір қола междаль жеңіп алдық. Жерлесіміз Нүркеш Анас өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Оның төрт кездесуі де өте ауыр әрі қиын болды. Нүркеш өз қарсыласын ойсырата ұтты. Ол қазақтың батыр ұлы екендігін дәлелдеді.

СНХ: НҮРКЕШ ӘНАС, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Әр кездесу қиынға соқты. Секунданттарымның ақыл кеңесі боыйма жігер берді. Еліме алтын сыйладым. Осы орайда мені әлем чемпионатына дайындаған бапкерлерге рахмет. Команда жетекшісі Жасұлан Өмірбайұлына алғысым шексіз.

РКС: Бразилияда MMA өткен әлем чемпионатында Қазақстан намысын лайықты қорғап алтыннан алқа таққан Нүркеш Анас Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ