ДИКТОР: Ақкөл ауданында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды. Қызметкерлерді талқылауға азаматтық жауапкершілікті көрсеткен бөлім қызметкерінің шағымы себеп болды. Білім бөлімінің басшысы өзінің жақын туысымен мемлекеттік сатып алу шартын жасаған.
РКС: Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскерінен шағым түсті. Онда бөлім басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екені көрсетілген.
СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Біз бұл арызды қабылдадық. Материалды зерттедік, әкімшілік құрамды көрдік. Өзінің жақын туысымен, яғни қызының жұбайымен мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. 23 миллион теңгеге 20 мемлекеттік сатып алу келісім-шарты жасалды.
РКС: Бұдан әрі сот шешімімен аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Заңға сәйкес ол жұмыстан шығарылады және үш жыл мерзімде мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқығы жоқ.
СНХ: ҚАТИМА АХМЕТОВА, АҚКӨЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Бұл шешім маған оңай болған жоқ. Мен қазір әділеттілік бар екеніне сенімдімін, бірақ бұл біз құқық бұзушылықтан өтпеген кезде ғана мүмкін болады. Әрбір азамат заңды және адалдық принципін сақтауға міндетті, әсіресе біздің балаларымыздың болашағы мен білім берудің дамуы тәуелді лауазымды тұлғаларға қатысты. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті менің арызымда баяндалған фактілер бойынша объективті шара қабылдады. Шындық пен әділдік жеңіске жетті. Осындай іс-әрекеттермен ғана біз құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, қоғамның мемлекет институттарына деген сенімін нығайта аламыз деп сенемін.
РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары азаматтарға өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетулерін, өздеріне белгілі барлық сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеулерін тағы да ескертті.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ