ДИКТОР: Зерендіде балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл - елімізде заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді қайтару жөніндегі арнайы мемлекеттік қор есебінен салынған алғашқы нысандардың бірі. Жалпы аумағы 6 мың шаршы метрден асатын екі қабатты заманауи ғимарат небәрі бес айдың ішінде бой көтерген. Спортшылардың жан-жақты дамуына мұнда барлық қажетті жағдай жасалған.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Спорт нысаны ауысымына 90 бала қабылдауға қауқарлы. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте бокс, күрес, ауыр атлетика және шаңғы дайындығына арналған арнайы жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ мұнда спортшылардың денсаулығын бақылауға арналған медициналық және массаж кабинеттері, күнделікті қажеттіліктерге арналған буфет пен кір жууға арналған бөлме бар. Оқушылардың жайлы тұруы үшін 48 орынға шақталған жатақхана да толықтай жабдықталған.
СНХ: ЕРЖАН ЖАНДОСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Алғаш біздің өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған осындай бірегей спорт мектебі ашылып отыр. Бұл нысанның ерекшелігі – мұнда спорттың 10-нан астам түрі бойынша секциялар жұмыс істейді. Алдағы уақытта шамамен бір мыңға жуық бала осы үйірмелерге қатысады деп жоспарлануда. Айта кету керек, соңғы жылдары прокуратура органдары заңсыз жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді елге қайтару бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл қаражат ел игілігіне, халықтың қажеттіліктерін өтеуге жұмсалуы тиіс. Қайтарылған активтер есебінен бүгінде еліміз бойынша 240 миллиард теңге бөлініп, 300-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жүргізілуде. Ақмола облысында осы бағдарлама аясында 37 жоба жүзеге аспақ. Өңір басшысы Марат Ахметжанов бұл іске зор үлес қосқаны үшін еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа алғысын білдірді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жаңа спорт мектебінің ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің бас прокуроры айтып өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы тапсырмасы аясында салынып жатқан республикалық ең алғашқы спорт нысаны. Осы ғимараттың құрылысын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы заң күшіне биыл ғана енді. Тұңғыш болып осы нысан ойналды. 7 күн ішінде мердігер анықталып, 5 айдың ішінде осындай ғимарат бой көтерді. Мынау енді үлгі ретінде. Қолымыздан келеді. Тек қана қадағалау керек. Дұрыс бақылау. Дұрыс үйлестіру, ұйымдастыру. Мердігерлер әділеттік принципін ұстанып, жұмыс істесе, бәрі де қолдан келеді.
РКС: Дильназ мен Гүлназ Зиядиналар спортшылар. Шаңғы спортымен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болған. Спортшы арулардың айтуынша пайдалы іспен шұғылдануға оларға әкесі мен ағасы кеңес берген.
СНХ: ДИЛЬНАЗ, ГҮЛНАЗ ЗИЯДИНАЛАР, СПОРТШЫЛАР: Біз шаңғы тебумен екінші жыл айналысып келеміз. Бұл жерде бізге барлығы да ұнайды. Жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салып бергеніне өте қуаныштымыз. Мұнда жаттығу залы, спорт алаңдары бар. Балалар өте көп келуде.
РКС: Спорт мектебінде болашақ ел чемпиондарын 28 жаттықтырушы дайындайды. Мемлекет қорынан бөлінген қаражаттың уақытылы әрі толық төленгенінің арқасында құрылыс рекордтық мерзімде аяқталды. Жобаның жалпы сметалық құны 2,1 млрд теңгені құрайды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АКПАРАТВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ