ДИКТОР: Ақмола облысында жасөспірімдер мен ересектер арасында Солтүстік дивизион бойынша кәсіпқой боксты дамыту жолында ауқымды шаралар жасалып жатыр. Оған өңіріміздегі аудан қалалардан білікті бапкерлер тартылуда.
РКС: Әуесқой бокста талай шәкірт тәрбиелеген жаста болса іскер бапкер әрі төреші Бауыржан Серік Ақмола облысында кәсіпқой боксты да бұқаралық сипатқа жеткізу мақсатында ауқымды жұмыстар жасап жүр. Осы орайда кәсіпқой бокс федерациясының Ақмола филилалы ашылды. Оған спорт саласында тәжірибесі мол менеджер Әсет Иманқұлов жетекшілік етеді. Қазіргі таңда кәсіби бокс жарыстарының кестесі бекітілді.
СНХ: БАУЫРЖАН СЕРІК, БАПКЕР, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПҚОЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бурабайда кәсіпқой бокстан 2009-2010-шы жылдары туған жасөспірімдер арасындағы турнир өтеді. Онда ұлдар 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Сондай-ақ биыл Өзбекстанның бастамасымен Самарқандта халықаралық турнир болады. Оған бұрымды боксшылар да қатысып 2 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шығады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАУЫРЖАН СЕРІК, БАПКЕР, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПҚОЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз Солтүстік дивизион бойынша ересектердің де кәсіпқой боксын дамытуды қолға алдық. Оны промутерлік компания жүзеге асырады. Қазіргі таңда Солтүстік дивизион бойынша жұмыс істеп жатыр.
РКС: Өңірімізде спорт тақырыбында жазып жүрген журналистерді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының өңірлік филиалы төл мерекелері қарсаңында марапаттап, шығармашылық табыс тіледі. Алдағы уақытта жерлестерімізді халықаралық жарыстардан да көретін күн алыс емес. Кәсіпқой бокстың тұңғыш жарысы 4-6 шілде аралығында Бурабайда өтеді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ