ДИКТОР: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көмегімен Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалана отырып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды балаларға арналған жаңа спорттық-сауықтыру лагері ашылды. Ақкөл қаласының іргесіндегі көрікті жерде орналасқан лагерь еліміздің барлық аймақтарынан бірінші ауысымдағы дарынды оқушыларды қабылдады.
РКС: Заманауи инфрақұрылым, балалардың толық қауіпсіздігі сақталған, ойын сауық бағдарлама – мұның бәрі заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары аясында, яғни мемлекетке қайтарылған қаражатқа ашылған лагерде ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүргізілді.
СНХ: МЕДЕТ КОЖАМЖАРОВ, СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта осы балалар спорттық сауықтыру лагері Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. 2 жыл салып, 200 орындық 2 корпусы, асхана, спорт алаңы бар, барлығының құрылысын аяқтап, лагерьді іске қостық. Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап балаларды қабылдауды бастадық, жаз мезгілінде 2000 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз жыл бойы жұмыс істейміз. Тәркіленген ақшаның барлығы балалардың игілігіне жұмсалды. Бұған біз өте қуаныштымыз. Балалар лагері жұмыс істеп, дарынды спортшыларымызды, көп балалы отбасы балаларын қабылдайтын болады. Біз мемлекет тарапынан балаларға демалуға келетін осындай орынның қарастырылғанына өте қуаныштымыз.
РКС: Мұнда білімге, көшбасшылық қасиеттер мен ұжымдық рухты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір бала тәлімгерлердің бақылауында.
СНХ: ОРЫНБАСАР ИБРАГИМ, СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы біз вожатыйлармен жұмыс істейміз. Олар балаларды күтіп алады, балалар жақсы демалсын, қауіпсіздігін ұйымдастыратын сол кісілер болып табылады. Балаларға түрлі іс шаралар ұйымдастырылады. күн сайын әртүрлі іс шаралар спорттық сауықтыру маршруттары, түрлі үйірмелер заманауи. 10 күн бойы балалар сол іс шараларды көреді, үйренеді, біледі, жаңа ақпараттармен танысады. Балаларға ұнайды барлығы.
РКС: Ал балалар үшін бұл жай ғана жазғы демалыс емес, уақытын пайдалы әрі тиімді өткізетін орта.
СНХ: РАМАЗАН ОРАЛ, ДЕМАЛУШЫ: Мен өзім Астана қаласынан боламын. Қазіргі таңда Астана қаласынан 120 км жердегі осындай керемет Барап лагерінде демалуға мүмкіндік алған болатынмын. Әрине осындай керемет ортада, керемет лагерьде, жаңа орта тауып, демалуға мүмкіндік берген өзімнің мектебіме, барша жауапты жандарға алғысым шексіз. скл тамаша жерде, қаланың шуынсыз, қазіргі жаһандану заманында біз үшін таптырмас жер десек артық айтқандық емес.
РКC: Ақкөлдегі лагерь мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылған алғашқы жобалардың бірі. Мұнда жазғы маусымда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан аса дарынды бала демалады деп күтілуде. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда және мұндай бастамалар болашақта әрі қарай ұйымдастырылмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ