ДИКТОР: Қаржылық сауаттылық - қауіпсіз болашақтың кепілі. Ақмола облысында Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен ағартушылық шаралар жалғасуда. Соның бірі - «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінде өткен қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы балалар сурет байқауы.
РКС: Балалар тапсырманы үлкен қызығушылықпен орындады. Олар суреттер арқылы қаржыны үнемдеу, алаяқтардан сақтану және қаржылық сауаттылықтың негіздері туралы өз көзқарастарын білдірді.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚАЛЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық сауаттылыққа қатысты дәрістер, сұхбаттар мен байқауларды тұрақты түрде өткізеді. Соңғы бір жыл ішінде біз осындай ағартушылық шараларды белсенді түрде ұйымдастырып келеміз. Бүгін біз «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінде болып, қаржылық қауіпсіздік тақырыбында балалар сурет байқауын өткіздік.
РКС: Лагерь басшылығы мұндай кездесулер білім беру бағдарламасын толықтырып, балаларға өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруге көмектесетінін атап өтті.
СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ: Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің балалармен интернет алаяқтықтан қалай сақтану керектігі жөнінде әңгіме өткізіп жатқаны қуантады. Қазіргі таңда мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Балалар да, зейнеткерлер де олардың құрбанына айналуда. Бүгін департамент балаларға алаяқтардың арбауына түспеудің жолдарын түсіндіретін кәсіби бағыт-бағдар беру шарасын ұйымдастырды. Бұл өте маңызды, себебі қаржылық сауаттылықты бала кезден қалыптастыру қажет.
РКС: Барлық қатысушы сыйлықтармен марапатталды. Балалар үлкен қуанышпен өз жұмыстарын таныстырып, қаржылық қауіпсіздік пен ақшаны ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану мәселелері бойынша алған жаңа білімдерімен бөлісті, сондай-ақ шарадан алған әсерлерін айтып, үйренген дағдыларын ұсынды.
СНХ: МАРГАРИТА ГОЛЫНЧЕВА, ДЕМАЛУШЫ: Бүгін бізге алаяқтардың арбауына қалай түспеу керектігін түсіндірді. Оңай ақша табуға уәде беретін ұсыныстарға сенбеу керектігін айтты, себебі алаяқтардың құрбанына айналуымыз мүмкін. Мен үшін бұл ақпарат өте пайдалы болды.
РКС: Қаржылық сауаттылық бойынша шаралар өңірдің басқа да балалар лагерлерінде жалғасады. Өйткені, пайдалы білімді қалыптастыру балалық шақтан басталады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ