ДИКТОР: Сандықтау ауданында туып-өсіп өзінің спорттық мансабын жалғастырған шаңғыдан қысқы олимпиаданың күміс-жүлдегері Владимир Сахновтың салып кеткен сара жолы кейінгі толқын жастарға жұғысты болды.
РКС: Балкашино ауылында осымен 43–ші мәрте мәреге шыққан «Ақ марафонның» ашылу салтанатында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабаев еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шаңғы спортының саңлақтарына жарыс жолында сәттілік тіледі. Даңқты жерлестері шаңғыдан қысқы олимпиаданың күміс жүлдегері Владимр Сахновтың ісзбасарларының көбейіп келе жатқанына қуанышты екенін айтты. Бұдан соң шаңғы жолындағы сайыстар басталып кетті.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Тұлпар аунаған жерде түк қалады деген осы емес пе.
РКС: «Ақ марафонның» бірінші күні шаңғы жолына жасөспірімдер мен ардагерлер шықты. Олардың арасында осалы жоқ, бәрі де Владимир Сахнов жүлдесіне үмітті. Еліміздің әр аймағынан келген шаңғышылардың да көңілдері көтеріңкі. Сандықтаудың әсем табиғатына тәнті екендіктерін айтты.
СНХ: ӘДІЛ ҚАНАТҰЛЫ, ШАҢҒЫШЫ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ): Бірінші рет осы жаққа келіп тұрмын. Табиғаты керемет сұлу. Біздің Қарқаралыдан аумайды екен. Менің таңданып тұрғаным көп жерлерде қар еріп кетті. Сандықтауда ол әлі жатыр. Шаңғы жолы талапқа сай. Жүлдегер болмасам да, «Ақ марафонға» қатысқанымды мақтан тұтамын.
СНХ: АЛЕКСАНДР ПОПОВ, ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ, БИАТЛОННАН ӘЛЕМНІҢ 4 ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ (РЕСЕЙ): Сіздердің жерлестеріңіз Владимир Смирнов пен Владимир Сахновты КСРО кезеңінен жақсы білемін. Олимпиадалық ойындарға дайындықты бірге жаттықтық. Владимир Сахнов пен жиі хабарласып тұрамын. Сандықтау өте әсем өлке екен. «Ақ марафонға» қонақ болып келгеніме алғысым шексіз.
РКС: Сандықтауда өткен «Ақ марафонда» бірнеше жергілікті шаңғышылар жеңіске жетті. Мәселен, ерлер арасындағы елу шақырым қашықтықта Федор Карпов алдына жан салмады. Қыздар тобында Валентина Ритарова 2-ші орынды еншіледі. Өзге де қашықтықтарда жарыс иелері жүлделі орындардан көрінді. Сөйтіп, қысқы олимпиаданың күміс жүлдегері Владимир Сахновтың ізін жалғастырушы шаңғышылардың өсіп келе жатқандығын көрсетті.
СНХ: СӘУЛЕ ЖАЙЫЛҒАНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сандықтау ауданында осымен 43-ші рет жерлесіміз қысқы олимпиаданың күміс жүлдегері Владимир Сахновтың «Ақ марафоны» өтті. Оған биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 300 шаңғышы қатысты. Олардың бәрі де жарысқа жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Бұл жарыстың басты мақсаты – шаңғы спортының бұқаралығын арттыру. Біз жарыстың биік деңгейде өтуіне барлық мүмкіндікті жасадық Нәтижесінде ең күштілері жүлдегер және жеңімпаз болды. Солардың басым көпшілігі Сандықтау ауданының шаңғышылары.
РКС: «Ақ марафонда» жүлдегер және жеңімпаз болған шаңғышылар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ