ДИКТОР: Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша соңғы сайлау 2004 жылы өтті. Яғни дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсінік қалыптасқалы қашан. Дауыс беруді өзімнің азаматтық борышым деп есептеген халық белсенділік танытты. Дәл осындай саяси реформаның нәтижесінде 30 наурызда Қосшы қалалық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына аумақтық сайлау комиссиясының №3 бір мандатты аумақтық сайлау округінде кезекті сайлау өтті.Тілшіміз баяндайды.
STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Бір мандаттық жүйеде сайланатын депутатқа қойылатын жауапкершілік өте жоғары, себебі ол партиялық тізімнің ғана емес, сол окургтің сайланып отырған халқының алдындағы сенімге ие болуы керек. Қазір №742 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бүгінгі сайлаудың барысы қалай өтіп жатыр,сауал алып көрейік.
СНХ: СҰЛУШАШ АХМЕТЖАНОВА, №742 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Қосшы қаласы бойынша дауыс берушілердің саны-1662 адам. Жалпы бүгінгі учаскемізде жұмысты таңғы 7-ден бастадық. Алғашқы келушілерге бізде арнайы сыйлығымыз бар.Жасы үлкендерге де. 18 жасқа келген жасөспірімдерге де арнайы сыйлықтарымыз бар. Жалпы көңіл-күйіміз жаман емес. Сайлауға келушілердің келуі жоғары деңгейде.
РКС: Мәслихат депутаттығына Қосшы қаласы бойынша 3 кандидат тіркелген. Оның бәрі өзін-өзі ұсынғандар. Партиялық тізім бойынша сайлауға түскендер болған жоқ. Саяси науқандағы көңіл-күй де тамаша, таңнан халық белсенділігі де жоғары болды. Дауыс беруге асыққандардың бірі-Назерке Ізбасар. Сайлауға қатысу әрбір адамның азаматтық парызы деп санайды.
СНХ: НАЗЕРКЕ ІЗБАСАР, ДАУЫС БЕРУШІ: Бүгін сайлау учаскесіне келіп өз даусымды бердім. Бұл дауыс беру менің азаматтық борышым деп санаймын. Бүкіл Қазақстанның жастарын осындай дауыс беруге шақырамын, ат салысуға. Бүгін қатысып өз сыйлығымды алдым. Учаскеде көңіл-күй барлық адамда жақсы,күшті.
РКС: № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат, 1984 жылы туған «Какимжанов» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Дидар Кәкімжанов сайланды. Айта кетейік, кеше Шортанды ауданында да сайлау өтті. Онда да үш кандидат тіркелді. Сайлаушылардың басым дауысымен Елена Васильева депутат болып сайланды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ