ДИКТОР: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көкшетауда көгалдандыру айлығы басталды. Өткен демалыс күндері жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Оған облыс орталығындағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік нысандардың бәрі дерлік қатысып, шаһардың таза болуына атсалысты. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Наурыздың соңғы сенбісінде шаһардағы әр кәсіпорын өзіне бекітілген учаскеде тазалау жұмыстарын өткізді. «Қазростинжиниринг» серіктестігі өңірдегі ірі компания. Көгалдандыру жұмысына бұл күні 200-ден астам қызметкер қатысып, белсенділік танытты. «Көкше Тазалық» және «Зерен Плюс 2006» серіктестіктері сенбілікке қатысқандарды қапшықтармен және қолғаптармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, акцияға 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Аталған учаскеде қайнап жатқан жұмыстың барысымен облыс әкімі Марат Ахматжанов танысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЗАМАТ ЖАҚЫПОВ, «KAZROST ENGINEERING» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ: Біздің компания қала әкімшілігінің көгалдандыруға қатысты бастамасын қолдады. Осылайша, бізге Кенесары көшесіндегі айналма жолдан бастап, Әуезов көшесіне дейінгі аумақ бекітіліп берілді. Біз бұл көшені 12 учаскеге бөлдік. Әр учаскеде 15-20 адамнан жұмыс істеп жатыр. Жалпы сенбілікке компанияның 220-ға жуық адамы жұмылдырылған. Осы аптада көшедегі қоқыстарды жинаймыз. Келесі аптада бордюрлер мен ағаштарды әктпйміз. Бір ай бойы Kazrost Engineering компаниясы Кенесары көшесін тазалаумен айналыспақ.

РКС: Жалпықалалық сенбілікке жеке кәсіпкерлер, студенттер мен волонтерлер де қатысты. Шоқан Уәлиханов көшесін тазалау жұмыстарын «Новопэк» серіктестігінің қызметкерлері жүргізді.

СНХ: МИРАС ҚАПАР, «НОВОПЭК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: Территория бойынша біз Уәлихановтың басынан бастап, Астанаға шығу жолына Көкшетау аркасына дейін жинап жатырмыз. Оған 150 адам қатысып, қоқыс жинап, каналдарды тазалап, көшелерді сыпырып жатырмыз. Одан бөлек, қаптарды қойып кетіп, бізден кейін жинап кетеді. Шараға барлығыңызды қатысуға шақырамыз. Осындай жалпы сенбіліп болып жатса, қаламызды таза ұстайық!

РКС: Қаланы абаттандыру жұмыстары бір-ақ сенбілікпен ғана шектелмейді. Сәуір айында жолдарды жөндеу басталады. Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке 8 мыңға жуық адам қатысып, 7 мың текше метр қоқыс шығарылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.