ДИКТОР: «Шахтинск квартеті» шығармашылық тобының көрмесі Көкшетауға келді. Облыстық әдебиет және өнер музейінде олар бір ай бойы көкшеліктерге өз жұмыстарын ұсынады. Дарынды 4 қылқалам шеберінің туындылары бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы өзінше бірегей. Олар өздерінің туған қаласы Шахтинскінің тарихы мен өмірін бояу арқылы жеткізген. Суретшілер жастар үшін өздерінің қызметі туралы шеберлік сағатын өткізді.

РКС: Творческая группа «Шахтинск квартеті» шығармашылық тобы осыдан 4 жыл бұрын Шахтинск қаласындағы Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі ұстаздарының бастамасымен құрылған. Ерсін Темірғалиевтің, Елена Нивиденскаяның, Жанабек Жұмабеков пен Наталья Сайгушевалардың алғашқы жобасы 2021 жылы көрме ретінде көпшілікке ұсынылды. Квартет мүшелері облыстық, республикалық көрмелер мен байқауларға қатысып жүр.

СНХ: ЖАНАБЕК ЖҰМАБЕКОВ, А.ЫСМАЙЫЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Біздің осылай жиналып, жылжымалы көрмені ұйымдастырған себебіміз бізді біріншіден суретші ретінде тану үшін. Біз өзімізді көрсетіп, өзіміздің өнерімізді көрсетіп, таныту мақсатында істеген осындай бір ұжым болды. Ал мына жерде 2021 жылдан бастап, өз-өзімізді көрсетіп жүрміз, «Шахтинский квартет» атымен. Мына жерде бүгін Наталья Юрьевна, Елена Вячеславовна мастер-класстарын көрсетті. Барлығы қызық болады деп ойлаймын. Қонақтарға жұмыстарымыз ұнайды деп үміттенеміз.

РКС: «Шахтинск квартетінің» қатысушылары шеберлік сағаттары мен кездесулер арқылы көркемсурет өнерін дәріптеуге қатысты ағартушылық жұмыстарды атқарып келеді. Облыс орталығында педагогтар көркемсурет өнері бойынша екі сабақ өткізді.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қарағандыдан келген дарынды жастарды келіп отыр. Қош келдіңіздер! Облыс әкімінің атынан сіздерді құттықтаймын! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін, идеяларыңыз бен креативтеріңіз таусылмасын!

РКС: «Шахтинск квартеті» шығармашылық тобының көрмесі Көкшетауда бір айға созылады. Сондықтан сурет өнерін бағалайтын кез келген көзі қарақты көрермен қарағандылық қылқалам шеберлерінің шығармашылығымен таныса алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ