ДИКТОР: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру және медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі қашан да өзекті. «AMANAT» партиясының облыстық филиалында білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында қатысушылар аталған мәселені жан-жақты талқылады. Сондай-ақ, кеңесте өңірде бұқаралық спортты дамыту шаралары да қаралды.

РКС: Облыстың 14 ауданында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететн 38 нысан салу жоспарланған. Соның 28-і пайдалануға берілді. Аталған шаралар 43 мыңға жуық азаматты қамтуға мүмкіндік береді. Медициналық мекемелерді жаңғырту мен материалдық-техникалық базаны нығайту негізгі басымдық болып қала бермек.

СНХ: СЕРІК СӘПИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында Атбасар мен Степногорск қалаларындағы көпсалалы ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өкінішке қарай бірқатар сұрақ бар. Бүгінде мәселелер анықталып, шешілуде. Степногорск көпсалалы ауруханасы бойынша операция бөлімшесінің күрделі жөндеуіне жергілікті бюджет есебінен 427 миллион теңге бөлінді. Б және В блоктарын күрделі жөндеуге 1,8 миллиард теңге жұмсалмақ.

РКС: Отырыс барысында бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екені атап өтілді. Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Облыста 1100-ден астам спорт мекемесі, оның ішінде 700-ден астам спорт залы бар. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің деңгейі 64 проценттен астам.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл сайын 2 мыңнан астам спорттық шара өткізіледі. Былтыр облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстанда алғашқы түнгі марафон ұйымдастырды. Оған 500-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, жол картасын іске асыру аясында 10-нан астам спорт түрінен кешенді спартакиада өткізіледі.

РКС: Былтыр Есіл, Қосшы және Степногорск қалаларында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Бурабай ауданына қарасты Мәдениет ауылында бір спорт кешені салынды. Бұл нысандар тұрғындарға белсенді өмір салтын қалыптастыруға, барлық жастағы топтың спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ