ДИКТОР: Іргетасының қаланғанына 65 жыл толған Астрахан ауылындағы Агробизнес және сервис колледжінде 415 студент білім алып жатыр. Олардың 52-сі Қорғалжын, 78-і Егіндікөл филиалдарында оқиды.

РКС: Заманауи мамандықтарға зәру бүгінгі кезеңде жастарды тартып, оларға сапалы білім беру жүйелі жолға қойылып келеді. Материалдық-техникалық базасы талапқа сай, педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерімен толыққан Астрахан агробизнес және сервис колледжі солардың қатарында.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ПУТИНЦЕВА, АСТРАХАН АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда біздің колледжде жастар 10 мамандық бойынша оқып жатыр. Атап айтқанда механизатор, аспаз, электр жабдықтаушы, дәнекерлеуші және басқа да мамандықтар. 2021 жылы колледжіміз республикалық «Жас маман» жобасына кірді. Соның арқасында материалдық-техникалық базамыз нығая түсті. Заманауи ауылшаруашылық техникаларымен және басқа да оқу құрал-жабдықтарын сатып алдық. Астрахан ауданының төңірегіндегі орта және шағын бизнес нысандарымен тығыз байланыстамыз. Студенттер тәжірибені науқандық жұмыстар кезінде сол жерлерде өткізеді.

РКС: Аталмыш колледжде Ақмола облысының көптеген аудандарының ұл-қыздары білім алуда. Мәселен, Бердібек Құралбек іргедегі Жарсуат ауылының тумасы. Ол ағаларының жолын қуып, егін егіп, мал өсірмек.

СНХ: БЕРДІБЕК ҚҰРАЛБЕК, СТУДЕНТ: Мен механизатор мамандығын жүрек қалауымен таңдап алдым. Осы колледжде ағаларым оқыған кезде оларға қызығатын едім. Енді өзім де заманауи техникаларды жөндеу жұмыстарын игеріп жатырмын. Өндірістік тәжірибені әкемнің жанында өткізіп, жер жыртып, егін себуді үйреніп жүрмін.

РКС: Қыздар аспаз және ІТ мамандықтарына көптеп оқиды. Олар бұл саланың қыры мен сырына қанығып жүр.

СНХ: АНАСТАСИЯ КУПАВСКАЯ, СТУДЕНТ: Бұл мамандық мен үшін өте маңызды. Компьютер қолданушыларымен тығыз байланыста боламын. Әлем бүгін компьютерленген заман. Сондықтан бұл салада жақсы білім алу керек. Болашақ мамандығым мен үшін жарқын жол ашады.

ЕСТ.ШУМ:

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ауыл шаруашылығы техникаларының сыныбында тұрмыз.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ