ДИКТОР: Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, су тасқынының ахуалымен танысты. Сапар аясында гидротехникалық құрылыстарды аралап, Целиноград, Аршалы, Астрахан және Атбасар аудандарында өткізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын бағамдады.

РКС: Астана су қоймасының жағдайына ерекше назар аударылды. Қазір су ағызу көлемінің мөлшері аз. Сондықтан елді мекендер үшін аса қауіп жоқ.

ИНТЕРШУМ: В целях защиты мы выделили средства на строительство дамб общей протяженностью 6,3 км. Высота от гребня 2,5 до 5,5 метров, в зависимости от объема. Ширина по верхнему греблю у нас 2,5 по нижнему до 32 метров.

- Он полностью обеспечивает поселок, да? – Не полностью, здесь у нас 8, 6, 7 микрорайон. Впереди у нас есть еще 4 микрорайон, там повыше. – Там опасности нет? – Нет. – Здесь в прошлом году сбросили 400 кубов, силы района акимата, сдерживают распространение воды.

РКС: Атбасар ауданында жыл сайынғы су басу қаупін ескере отырып, Жабай өзенінің арнасын тереңдету және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа, үш су өткізу қақпасының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ жаңа құрылыстарды еріген судан қорғау үшін айналма арық жасақталды. Жібек жолы ауылын қосымша қорғау үшін Аршалы ауданында "Демеу Қазақстан қорының" қаражаты есебінен ұзындығы 6,3 шақырымдық қорғаныс бөгеті салынды. Ескі Қалқұтан ауылында Премьер-Министрдің кеңесшісі сол қордың демеушілік қаражаты есебінен қаржыландырылатын 3,6 шақырым учаскедегі Қалқұтан өзенінің арнасын тазарту және тереңдету жұмыстарының барысымен танысты. Ералы Тоғжанов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Жалпы облыста жасалынған жұмыстардың арқасында бүгін 131 километр су өтуге байланысты каналдар жүргізілген. Онымен қатар 107 километр дамбылар салынған. Бұның бәрі биылғы осы келетін судың, келген судың қауіпсіз өтуін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөз жоқ, 175 ауыл өткен жылы қауіпті аймақтар деп белгіленген. Соның 94-і бүгін толықтай қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.Қалған ауылдарғабайланысты бүгін де нақты шаралар қабылданып жүзеге асырылып жатыр.

РКС: Сапар қорытындысы бойынша су тасқынына қарсы жедел штабтың отырысы өтті. Оған төтенше жағдайқызметінің, "Қазгидромет" акционерліқ қоғамы филиалының және өзге де бейінді ведомстволар өкілдері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан өңірдегі су тасқыны кезеңі тұрақты режимде өтіп жатқанын айтты. Сондай ақ, су тасқынына қарсы іс-шараларға Астана қаласынан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарынан төтенше жағдайлар қызметінің күштері, сонымен қатар жергілікті аумақтық қорғаныс саласының жеке құрамы жұмылдырылғанын атап өткен жөн.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ