ДИКТОР: Көктем шығысымен, қыс бойы қар астында қалған қоқыстан тазарту жұмысы басталады. Осыған орай "Таза Қазақстан" акциясы аясында Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру мақсатында сенбілік өткізу жоспарланып отыр.
РКС: Аталған іс-шара аясында наурыздың 29-ы облыс орталығының аумағында жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Оған мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындар, студенттер, волонтерлер мен қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатысады.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Енді қыс өтті, әрқайсыларыңыз жолдардың қандай күйде екендігін байқадыңыздар. Жалпы қаламызды жиналған қоқыстан тазарту қажет. Қала кіреберіс аркалардан басталады. Қала-үйіміз. сондықтан бәріміз жабылып үйімізді бірге дұрыстап тазалайық.
РКС: Қала аумағы шағын 27 учаскеге бөлініп, мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық кәсіпорындарға, заңды және жеке тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға бекітілді. Талазыл жұмыстарын қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер мен басқа да қызмет көрсететін ұйымдардан арнайы 60-қа жуық техника тартылады.
СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Сенбілікті өткізудегі бірінші кезектегі міндет - қаланың көше-жол желісі бойынша барлық ластанған жерлерден қоқыстарды жинау және аумақтарды тазарту. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар бекітілген аумақтарды қоқыстардан тазарту, жаяу жүргіншілер жолы мен кварталішілік аумақтарды жиыстыру. Сондай-ақ нөсер және арық-науалы кәріз желілерін тазарту жұмыстары жүргізіледі.
РКС: Айта кетейік, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге қоқысты жинау үшін қапшықтар мен қолғаптар беріледі. Оған жауапты "Көкше тазалық" және "Зерен Плюс 2006" серіктестіктері. Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілік өткізілетін күні қоқысты полигонға тегін шығару жүзеге асырылады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ