ДИКТОР: Зеренді ауылында Наурыз өнер мектебінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Сонымен қатар шығармашылық идеялар хабының құрылысына капсула салынды. Іс-шараға Сенат депутаты Талғат Жүнісов, облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов қатысты.

РКС: Өнер мектебінің ғимараты қажетті жабдықтармен толық жарақтандырылған. Екі функционалды блоктан тұрады. Балалар музыка мектебі және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы орналасқан.

СНХ: ДИНАРА КЕНЖЕБОЛАТОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы уақытқа дейін бізде бұл екі ұйым жалға алынған ғимаратта отырып келді. Тым тығыз болды. Балаларымыздың көптеген жетістіктері бар. Сондықтан бұл ғимарат олар үшін жаңа биіктерге жетуге одан да үлкен мотивация болады деп ойлаймын.

РКС: Ғимарат облыстық бюджет есебінен 200 млн. теңгеге жуық қаражатқа сатып алынды. 305 миллион теңгеден астам қаржыға жөнделді.

СНХ: БАҚЫТБЕК СЕЙДАХМЕТОВ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Облыс әкімінің қолдауымен бұл ғимарат бізге үкімет тарапынан сатып алынып, беріліп жатыр. Қазіргі таңда бұл мекемеде балаларымыз шығармашылық орталығында 700-ге таман оқушы тәлім-тәрбие алады. Ғимаратымыз өте тамаша. Күрделі жұмыстан өтті. Үкімет тарапынан ғимаратымызды сатып, бізге табыстап отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Дәл осы күні креативті идеялардың жаңа хабының құрылысы басталатын жерге капсула салынды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Міне, бүгін біз үшін мағыналы және маңызды күн. Біз орталық пен креативті индустриялар хабының құрылысына капсула салып отырмыз. Дарынды адамдар, идея генераторлары және батыл наваторлар үшін тартымдылық ортасы болатын кеңістік. Шығармашылық индустрия тек тренд емес, бұл өнерді, технологияны, кәсіпкерлікті біріктіретін заманауи экономиканың қозғаушы күші.

РКС: Жаңа нысан шығармашылық индустрия саласында жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Нысанның жалпы ауданы – 1400 шаршы метрге жуық. Хабтың құрылысы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ