ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев кездесті. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Құжат омбудсмен институты мен өңірлік билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті. Атап айтқанда: азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адам құқықтарына қатысты дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу көзделген.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қылмыстық сот өндірісінің үш буынды моделі институты өзінің тиімділігін көрсетуде. Жыл озған сайын конституциялық құқық бұзушылық, әкімшілік, қылмыстық, өзге де жауапкершілікке заңсыз тартылғандардың саны азайып келеді. Көп ретте жергілікті атқарушы органдарға байланысты екенін түсінемін. Сондықтан біз жан-жақты қолдау білдіріп, жұмысты ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз.

РКС: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жұмысының басым бағыты шағымдарды қарау мен конституциялық заңның орындалуы. Жыл сайын шағым саны артып отыр. Былтыр республика бойынша 7 мың арыз-шағым қаралған. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 17 процентке көп. Шағымның көп бөлігі сотқа дейінгі тергеу органдарының жұмысына тиесілі.

СНХ: АРТУР ЛАСТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: Ақмола облысында былтыр 148 шағым түскен. Соның 51 проценті жазасын өтеушілер құқығының бұзылуына қатысты. Арыз-шағымның бәрі қаралып, 20 проценті оң шешілді. Жергілікті өкілдіктің араласуынан кейін жабық мекемелерде ұстау режимінің біршама жақсарғанын көріп отырмыз. Аршалы ауданында №2 мекемеде 280 орындық жоғары стандартқа сай келетін жаңа тұрғын модулі салынды.Гранитныйда да дәл осындай жаңашылдық бар. Өзіміз барып көрдік. Шынымен жақсы жоба.

РКС: Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізудің маңыздылығын талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде ағартушылық жұмыстарға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Ынтымақтастық туралы меморандум аймақта адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту және азаматтардың, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл арналарын қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ