ДИКТОР: Көкшетаудағы «Рио» сауда-ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай «Ауыл» партиясы қала тұрғындары үшін картиналар көрмесі мен концерт ұйымдастырды. Жиналған қауым әншілерге қосылып ән айтып, тіпті әртістермен бірге биледі.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Ауыл» партиясы жыл сайын «Ауыл этюдтері» фотобайқауын өткізеді. Оған барлық тілек білдірушілер, кәсіби фотографтар, әуесқойлар да қатыса алады. Биылғы жүлде қоры 3 млн 900 мың теңге.

СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің іс-шара Наурыз мерекесіне арналған, 10 күн бойы ерекше форматта атап өтілді. Осылайша біз қала тұрғындары мен Көкшетау қаласының қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтайық деп шештік. Көңіл-күйлерін көтеруге атсалыстық деп ойлаймын.

РКС: Шара барысында барлық қатысушыға тәттілер таратылды. Қала тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.

СНХ: ПЕРИЗАТ ЖАМАЛИЕВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ: Щучинск қаласынан келдім жұмыстарыммен. Мынандай керемет сәтке тап болдық. Ауыл партиясының наурыз мейрамымен құттықтауына. Осындай әдемі көріністер жасап жатыр. Сол үшін көп-көп рахмет. Барша Көкшетау халқына, Қазақстан еліне наурыз құтты болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

РКС: Мереке жағымды жылы атмосферада өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары музыканттарды қуана қолдады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ